Меню

Страницы

Статья

2022 жылға Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне жүргізілген құқықтық мониторинг жөнінде АҚПАРАТ

2022 жылға Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне жүргізілген құқықтық мониторинг жөнінде

АҚПАРАТ

 

Қарағанды облысы Әділет Департаментімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы бекітілген «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 486 (ары қарай – Қағидалар) қаулысымен бекітілген,  құқықтық мониторинг жүргізу Қағидаларынының талаптарына сәйкес, мемлекеттік органдар ұсынған қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне (ары қарай – НҚА)  жүргізген құқықтық мониторингтің қорытындысы бойынша талдау жүргізілді.

2022 жылы жүргізілген мониторинг нәтижелері мынаны көрсетті.

  1. Жергілікті өкілді органдар бойынша:

Тіркелген қолданыстағы НҚА-ға жүргізілген мониторинг нәтижесінде (өзгерістер мен толықтыруларды есепке алмағанда) :

2022 жылдың жүргізілген мониторинг нәтижесінде сәйкес келтіруді талап ететін және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілген барлығы 11 НҚА анықталды:

ескірген ретінде - 3 НҚА (3 сәйкестендірілген).

басқа - 8 НҚА (4 сәйкестендірілген, 4 әзірлеу сатысында).

2021 жылы жүргізілген мониторинг нәтижесінде сәйкес келтіруді талап ететін және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілген барлығы 19 НҚА анықталды:

ескірген ретінде – 19 НҚА;

Жергілікті атқарушы органдар бойынша:

2022 жылдың мониторингті жүзеге асыру барысында сәйкес келтіруді талап ететін және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілген НҚА анықталған жоқ.

2021 жылдың мониторингті жүзеге асыру барысында қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруді талап ететін және келтірілген барлығы 20 НҚА анықталды, оның ішінде:

ескірген ретінде – 18 НҚА;

қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін - 2 НҚА.

 

Тексеру комиссиясы бойынша – 2 НҚА, жүргізілген құқықтық мониторинг барысында НҚА анықталған жоқ.

 

Ұқсас кезеңімен салыстырғанда жағдай келесідей сипатта болады:

 

Кезең

Анықталған актілер саны

Сәйкес келтірілгендер

Сәйкес келтірілетіндер

2021 жыл

6

 

33

 

2022 жыл

7

4

 

 

  1. Жергілікті атқарушы және өкілді органдар жүргізілген құқықтық мониторинг қорытындылары бойынша ақпаратты ресімдеу кезінде жүйелі сипаттағы бұзушылықтарға жол береді.

Қағидаларының 24-тармағына сәйкес жүргізілген құқықтық мониторинг қорытындылары бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, сондай-ақ тексеру комиссиялары есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін жылына екі рет «Е-заңнама» ақпараттық жүйесінде бірінші жартыжылдық (ағымдағы жылдың 10 шілдесіне дейін) және жыл қорытындылары бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі есептерді орналастырады осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін).

Көрсетілген тармақты бұза отырып, құқықтық мониторинг жүргізу кестесіне Саран, Қарағанды қаласының, Бұқар-Жырау ауданының әкімдіктері мерзімін бұза отырып, мониторинг нәтижелерін ұсынды.

Теміртау, Приозерск қалаларының әкімдіктері, Шет Нұра аудандарының әкімдіктері құқықтық мониторинг нәтижелерін ұсынбады.

Балқаш, Қарағанды қалаларының әкімдіктері, Ақтоғай аудандық және Қарағанды қалалық мәслихаты Ережеге сәйкес келмейтін нысандар бойынша жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелерін жолдады.

Бұдан басқа, Теміртау, Шахтинск, Балқаш және Приозерск қалалық мәслихаттары, сондай-ақ Нұра, Қарқаралы аудандық мәслихаттары жүргізілген құқықтық мониторингтің нәтижелерін анықталғандар ретінде Әділет департаменті қосымша қүқықтық мониторинг жүргізу кезіңде бұрын анықтаған НҚА енгізді.

Жүргізілген талдау нәтижелері кейбір жергілікті мемлекеттік органдардың жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты дайындауға және ұсынуға ғана емес, сондай-ақ мониторинг жүргізу рәсімінің өзіне де формальды көзқарасын көрсетеді.

Көрсетілгендер тіркелген НҚА-ға прокурорлық ден қою актілерін енгізуге, сондай-ақ азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қысым жасауға әкеп соғуы мүмкін.

Қағидаларының 14-тармағына сәйкес құқықтық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік орган алдағы күнтізбелік жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу графигін (бұдан әрі – график) айларға бөле отырып және құқықтық мониторинг жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесін көрсете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.

Құқықтық мониторинг жүргізу графигін мемлекеттік органның аппарат басшысы не заң қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін өзге де лауазымды адам бекітеді.

 Орталық мемлекеттік органдар график бекітілген не графикке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей оны ағымдағы жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етеді.

Аталған норманы бұза отырып, Приозерск, Саран қалаларының, Қарқаралы ауданының әкімдіктері, сондай-ақ Ақтоғай аудандық мәслихаты құқықтық мониторинг жүргізу кестесін ұсынбады.

Абай ауданының, Қарағанды қаласының және Қарағанды облысының әкімдіктері 2022 жылға құқықтық мониторинг жүргізу кестесін ұсынды.

Балқаш қаласының әкімдігі және Нұра аудандық мәслихаты кестелер мониторинг жүргізу белгіленген мерзімді бұза отырып бекітілді.

 Жергілікті атқарушы және өкілді органдардың қолданыстағы НҚА-ға құқықтық мониторинг жүргізуінің сапасыз жүргізілгенін Әділет департаменті анықтаған НҚА-ның болуы да куәландырады:

Мәселен, 2022 жылы Қарағанды облысының Әділет департаменті жергілікті мемлекеттік басқару органдарына 6 НҚА қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы 6 ұсыныс енгізді, оның ішінде 12 НҚА қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілді.

 НҚА-ны қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру қажеттілігі туралы  14 ақпараттық хат жолданды, 24 НҚА-ға қатысты оның ішінде 12 НҚА қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілді, қалған 12 НҚА 2022 жылғы 31 желтоқсан кезеніңде әзірлену сатысында болды.

Осыған байланысты, жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының назарын:

- тіркелген нормативтік құқықтық актілерге сапалы, тиімді және уақтылы мониторинг жүргізу;  

- заң қызметтерінің жүргізілетін мониторингті тиісті қамтамасыз етуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне бақылауды күшейту.

- анықталған кемшіліктерді жою бойынша үсынымдар әзірлеу мақсатында жергілікті мемлекеттік органдар жүргізген құқықтық мониторингтің нәтижелері және құқықтық мониторинг жүргізу кезіңде көрсетілген бұзышылықтар фактілері Қарағанды облысы Әділет департаменті жанындағы мемлекеттік органдардың заң қызметтерін Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралсын.

Дата публикации
16 марта 2023
Дата обновления
16 марта 2023
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы