Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтауы

 

 

     Мемлекеттік қызметшілер қоғамның алдында мемлекеттің бет-бейнесі болғандықтан, мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттері, ең алдымен, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталуы керек. Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлықтың жалпы стандарттарын, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарын, қызметтік қатынастардағы мінез-құлықты, сондай-ақ көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуді ұстануға тиіс.

       Айта кету керек, әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс, ал қоғам мемлекеттік қызметшілер өздерінің барлық күш – жігерін, білімі мен тәжірибесін өздері жүзеге асыратын кәсіби қызметке жұмсайды, өз Отаны-Қазақстан Республикасына бейтарап және адал қызмет етеді деп есептеуге құқылы.

       Іскерлік ортада да, зайырлы өмірде де, этикет деп аталатын заңдар мен ережелер жиынтығы бар. Кәсіби Имидж бірден және кенеттен қалыптаспайды, бұл жерде іскерлік этикет маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қызметшінің  істері, мінез-құлқы оның іскерлік ортада сауатты қарым-қатынас орнату қабілеті бойынша бағаланады.

      Әрбір мемлекеттік қызметші қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту мақсатында мыналарды ұстануға тиіс:

  1. Уақытты басқару негіздерін меңгеру, жұмыс күнін жоспарлай білу, маңызды және шұғыл істерді сауатты сұрыптау, күнделікті тапсырмалардың бір бөлігін тапсыру және оқиғалардың барысын бақылау.
  2. Дресс-кодты сақтау. Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның сыртқы келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуі, ресми, ұстамдылық пен дәлдікпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік стильге сәйкес келуі тиіс.

Іскерлік стиль - консерватизммен, қатаңдықпен және ұстамдылықпен ерекшеленеді. Бұл мата таңдауға да,  оның түр-түсі, аксессуарларға да  қатысты. Барлығы анық және нақты болуы керек. Киім қызметкердің іскерлік қасиеттерінен назарын аудармауы керек.

            Іскерлік стильдің негізгі принциптері:

- минимализм;

- ерекшеленбеу мүмкіндігі;

– іскерлік ахуал орнаған кез келген жерде үйлесімді көріну .

  1. Жұмыс үстелі ішкі дүниенің айнасы секілді. Жұмыс үстеліндегі жинақылық - бастағы жинақылық, тәртіп. Бұл ескі постулат ереже түрінде қабылдануы тиіс. Жұмыс үстеліне қарап алдыңызда қандай қызметкер тұрғанын түсіну үшін сізге психолог  болудың қажеті жоқ.
  2. Адам туралы оның сыртқы келбеті көп нәрсені айтқанымен, оның қарым-қатынас жасау қабілеті сұхбаттасушының назарын өзіне бірден аударып алады. Сауатты сөйлеу – іскер маманның қабілеті. Паразиттік сөздерді, қайталауларды, бұрмаланған дауыстарды, пародияларды қолдануға тыйым салынады.
  3. Жасыратыны жоқ, мемлекеттік қызметшілер туралы қоғамдық пікірдің бір көрсеткіші – олардың жұмыстан тыс уақытта қоғамдық орындарда өзін ұстауы.
Дата публикации
03 марта 2023
Дата обновления
03 марта 2023
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы