Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде сот орындаушы шаралар қабылдайды, атқарушылық құжатты орындауға ұмынған күннен бастап сот орындаушы қабылдаған шешімдері қаулылармен рәсімделеді.
Сот орындаушысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қаулылар қағаз жеткізгіштегі қаулыларға тең.
Сот орындаушысының қаулысында аумақтық бөлімнің атауы мен мекен жайы немесе жеке сот орындаушысы кеңсесінің мекенжайы, қаулының шығарылған күні, шығарған адамның лауазымы, тегі, аты-жөні көрсетіледі.
Сот орындаушысының қаулысы шығарылған күннен бастап заңды күшіне енеді, міндетті түрде орындалуға жатады.