Меню

Страницы

Статья

Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру

2022 жылғы 20 маусымда Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осы заң бойынша жұмыс зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдірудегі кезекті қадам болды.

"Бұл процесс ұлттық заңнаманы осы саладағы халықаралық шарттармен үйлестірумен негізделген. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы 19 халықаралық шарттың және 25 өңірлік Келісімнің қатысушысы болып табылады. Осыған байланысты, Парламент Мәжілісімен 2020 жылы Әділет министрлігіне осы саладағы құқық қолдану практикасына талдау жүргізу ұсынылды. Авторлар мен құқық иеленушілерге ұжымдық ұйымдардың өзара мүдделерді білдіру туралы шарттар жасасу, өз қызметі туралы ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері авторлық құқық бойынша түзетулер авторлар мен құқық иеленушілердің тиесілі сыйақыны алу құқықтарын қамтамасыз ету үшін ұжымдық ұйымдардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағыталған. "Түзетулер тоғыз мыңға жуық қазақстандық авторлар мен құқық иеленушілердің тиесілі сыйақы алуға деген үміттерін көрсетеді және ұжымдық ұйымдардың өз құқықтарын бұзуын болдырмауға бағытталған. Сондай-ақ, "географиялық нұсқауға"қатысты түзетулер енгізілді. Бұл түзету отандық тауар өндірушілерге жаңа мүмкіндіктермен әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

Зияткерлік меншік объектісімен қатар «тауар шығарылған жердің атауы» мен жаңа «географиялық көрсеткіш» объектісін енгізу көзделген «Географиялық көрсеткіш» пен «тауар шығарылған жердің атауы» арасындағы айырмашылығы тауар шығарылған жердің атауы үшін шикізатты пайдалануды, қайта өңдеуді және дайындауды қоса алғанда, тауар өндірудің барлық сатылары мәлімделген жерде өтуге тиіс. Заңнамада бір функцияны орындайтын екі объектінің болуы тауардың шығарылған жерінің атауы және географиялық көрсеткіш – қасиеттері немесе беделі оның пайда болуымен байланысты белгілі бір географиялық шығу тегі бар өнімдерге қолданылатын белгілер.

«Тауар шығарылған жердің атауы» қорғау объектілерімен қатар «географиялық көрсеткіш» зияткерлік меншік құқықтарының дербес объектісі ретінде «географиялық көрсеткіш» ұғымын енгізу зияткерлік меншік объектілерін қорғаудың халықаралық практикасына, сондай-ақ ҚР тауарлары шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімін жүргізудің қолданыстағы практикасына сәйкес шетелдік өтініш берушілер екі объектіні де тауарлардың шығарылған жерлері атауларының мемлекеттік тізіліміне енгізе алады, ал отандық кәсіпкерлер тауарлардың шығарылған жерлерінің атауларын ғана тіркей алады.

Бұл жаңашылдық шетелдік және отандық иеленушілер үшін тең жағдай жасауға және отандық тауар өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

Қарағанды облысы

 Әділет департаменті

басшысының орынбасары

 К.Б. Рахимбергенов

 

 

 

                                                                                          

                                                                               

Дата публикации
27 февраля 2023
Дата обновления
08 февраля 2023
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы