Құқықтық мониторинг қабылданған нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлық сипаты бар құқық нормаларын анықтау және қабылданған нормативтік құқықтық актілердің іске асырылу тиімділігін болжау, талдау, бағалау арқылы оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау мақсатында жүргізіледі.
Қарағанды облысы Әділет Департаментімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы бекітілген «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 486 (ары қарай – Қағидалар) қаулысымен бекітілген, құқықтық мониторинг жүргізу Қағидаларынының талаптарына сәйкес, мемлекеттік органдар ұсынған қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне (ары қарай – НҚА) жүргізген құқықтық мониторингтің қорытындысы бойынша талдау жүргізілді.
Жүргізілген құқықтық мониторингтің қорытындысы бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, сондай-ақ тексеру комиссиялары Қазақстан Республикасының әділет органдарына осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне дейін бірінші жартыжылдықтың (ағымдағы жылдың 10 шілдесіне дейін) және жылдың (есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін) қорытындысы бойынша есептер жібереді.
Құқықтық мониторингті мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері өздері қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерге қатысты жүргізеді.
Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қоғамдық және ғылыми ұйымдарды, азаматтарды тартуға құқығы бар.
Мемлекеттік органдарда құқықтық мониторинг жөніндегі бөлімшелердің қызметін үйлестіруді заң қызметтері, олар болмаған жағдайда мемлекеттік органның басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімшелер жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың құқықтық мониторинг бойынша қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасының әділет органдары жүзеге асырады.
Әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы
С.К. Досымова