Меню

Страницы

Статья

Атқарушылық жазбаны жасаған кезде туындайтын өзекті мәселелер

Атқарушылық жазбаны жасаған кезде туындайтын өзекті мәселелер

Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінің (бұдан әрі-Ереже) 217 т. Сәйкес Атқарушылық жазба өндіріп алушыға тиесілі белгілі бір ақша сомасын борышкерден өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті талап ету туралы нотариустың өкімін білдіреді.
Сондай-ақ, Ереженің 219 т. сәйкес атқарушылық жазбаны:
егер ұсынылған құжаттар борышкердің өндіріп алушы алдындағы берешегінің даусыз екендігін растаса;
егер талап қоюға (өтінішке) құқық туындаған күннен бастап үш жылдан аспаса, нотариус жасайды.
Атқарушылық жазба берілетін талап үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге ескіру мерзімі белгіленген жағдайда, атқарушылық жазба осы мерзім шегінде беріледі.
Атқарушылық жазба, егер заңнамада өзге мерзімдер белгіленбесе, ол жасалған күннен бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындатуға ұсынылады. Атқарушылық жазбаны ұсыну үшін өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Ереженің 220 т. сәйкес Борышкерден ақша сомаларын өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін өндіріп алушы нотариусқа өндіріп алушы мен борышкердің тегін, атын, әкесінің атын (егер бар болса), олардың жеке сәйкестендіру нөмірі мен тұрғылықты жерін, телефон нөмірлері мен электрондық почтасының мекенжайын (олар болған кезде) қамтитын атқарушылық жазба жасау туралы өтінішті (бұдан әрі-өтініш) ұсынады.
Өндіріп алушы нотариусқа ЭСҚ қол қойылған электрондық нысанда өтініш беруге құқылы.
Айта кетсек, Ереженің 221 т. сәйкес «Нотариат туралы» Заңның 92-1-баптың 2-тармағы 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшалардың негізінде атқарушылық жазба, егер шартта өзге мекенжай көрсетілмесе, борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері не тұрғылықты жері бойынша, заңды тұлға борышкер болып табылған жағдайда, онда оның тіркелген жері не оның тұрақты жұмыс істейтін органының тұрған жері бойынша жасалады.
Егер шартта борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері мен тұрғылықты жерінен басқа мекенжай көрсетілсе, онда атқарушылық жазба нотариуспен борышкердің шартта көрсетілген мекен-жайына сәйкес оның қызметінің аумағы бойынша жасалуы мүмкін.
Ереженің 222 т. сәйкес ұсынылған құжаттардың негізінде нотариус борышкердің өндіріп алушы алдындағы берешегінің даусыздығын, берешек мөлшерін, мәлімделген талап бойынша мерзімнің өтіп кетуін тексереді.
Нотариус "Атқарушылық жазбаны тексеру" БНАЖ модулін пайдалана отырып, осы міндеттеме бойынша атқарушылық жазбаның жасалуына қатысты ақпаратты тексереді.
Ереженің 227 т. сәйкес Нотариус атқарушылық жазба жасалғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей көшірмесін электрондық почта мекен-жайы бойынша немесе борышкердің соңғы белгілі тұрғылықты (орналасқан) немесе тіркелген жері бойынша беру туралы хабарламамен жеткізуді тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, борышкерге табыс етеді немесе жібереді.
Егер нотариус атқарушылық жазбаны борышкердің шартта көрсетілген өзге мекенжайы бойынша жасаған болса, оның көшірмесі борышкерге көрсетілген мекенжай бойынша да, оның соңғы белгілі тұрғылықты (орналасқан) жері немесе тіркелген жері бойынша да жіберіледі.
Сонымен бірге, Ереженің 228 т. көрсетілгендей атқарушылық жазбаны пошталық хабарламаға сәйкес табыс еткен не өзге де байланыс құралдарын пайдалану кезінде жеткізуді тіркеген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін және борышкер тарапынан қойылған талаптарға қарсылықтар туралы жазбаша өтініш болмаған кезде нотариус өндіріп алушыға оны сот орындаушысына орындауға борышкердің тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бойынша орындауға не оның өтініші бойынша тиісті әділет органына электрондық түрдегі электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырған атқарушылық жазбаны БНАЖ арқылы "Атқарушылық іс жүргізу органдары" мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде өндіріп алушы таңдаған сот орындаушысына не өңірлік палатаға өндіріп алушының атқарушылық жазбаны орындауға беру туралы сканерленген өтінішін қоса бере отырып жолдайды.


Кунанбаев Р.Б.

Дата публикации
27 декабря 2022
Дата обновления
27 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы