Меню

Страницы

Статья

Мұрагерлікке түсу тәртібі, кезектілік және өтініш беру тәртібі.

Мұрагерлікке түсу тәртібі, кезектілік және өтініш беру тәртібі.


Азаматтар мүлікті әртүрлі тәсілдермен, соның ішінде мұрагерлік жолмен алады.
Азаматық Кодекстің (бұдан әрі- АК) 1038 бабына сәйкес мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы болып табылады.
АК-тің 1061-1064 баптарына сәйкес: заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, оның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады.
Мұра қалдырушының немерелерi мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады.
Егер бiрiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi - тең үлеспен алады.
Мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастарының (сiңлiлерiнiң) балалары (мұра қалдырушының немере iнi-қарындастары, жиендерi) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.
Егер бiрiншi және екiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын үшiншi кезекте мұра қалдырушының әкесiмен бiрге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады.
Мұра қалдырушының немере аға-iнiлерi, апа-қарындастары (сiңлiлерi) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.
Егер бiрiншi, екiншi және үшiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагерлiк құқығын мұра қалдырушының алдыңғы кезектердегi мұрагерлерiне жатпайтын, үшiншi, төртiншi және бесiншi туыстық дәрежесiндегi туыстары алады.
Туыстық дәрежесi туыстарды бiр-бiрiнен сатылап алшақтататын туу санымен айқындалады. Мұра қалдырушының өзiнiң дүниеге келуi бұл қатарға жатпайды.
АК-тің 1064 бабының 1-тармағына сәйкес мұрагерлiкке:
төртiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде үшiншi туыстық дәрежесiндегi туыстар - мұра қалдырушының арғы аталары мен әжелерi;
бесiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде төртiншi туыстық дәрежесiндегi туыстар - мұра қалдырушының туған немере iнi-қарындастарының, жиендерiнiң балалары (шөбере iнi-қарындастары, жиеншарлары) және оның аталары мен әжелерiнiң туған аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi);
алтыншы кезектегi мұрагерлер ретiнде бесiншi туыстық дәрежесiндегi туыстар - мұра қалдырушының шөбере iнi-қарындастарының, жиеншарларының балалары, оның немере аға-iнiлерi мен апа-қарындастарының (сiңлiлерiнiң) балалары және оның екi атадан қосылатын аталары мен әжелерiнiң балалары шақырылады.
Егер алдыңғы кезектердегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша жетiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде мұра қалдырушымен кемiнде он жыл бiр отбасында тұрған мұра қалдырушының өгей әкесiне не өгей шешесiне ерiп келген аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), өгей ұлдары, өгей қыздары, өгей әкесi және өгей шешесi шақырылады.
Мұраны қабылдау екі жолмен жүзеге асуы мүмкін:
1)аталған мұрагерлік іс қарасты нотариусқа мұрагерлік құқық туралы куәлікке өтініш беру арқылы;
2)нақты қабылдау, яғни белгілі бір әрекеттер орындау арқылы: мұрагерлік мүлікті басқару немесе иелену, осы мүлікті ұстауға шығыстар жасау арқылы.

 

Абилова А.Ж.
Қарағанды облысы
Әділет департаменті
Құқықтық түсіндіру және
халыққа заңгерлік
қызмет көрсету бөлімінің
бас маманы

Дата публикации
02 декабря 2022
Дата обновления
02 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы