Заңда уәкілетті органды жалпы жиналысты өткізу туралы хабардар ету және оған қол жеткізуді қамтамасыз ету; өзінің интернет-ресурсында пайдаланушылармен шарттар туралы (пайдаланушының атауы, оның орналасқан жері және шарт жасалған күн), мүдделерді өзара білдіру туралы басқа ұжымдық ұйымдармен шарттар туралы ақпаратты, аудиторлық қорытындыларды орналастыру; ұйымның интернет-ресурсындағы жеке кабинеттер арқылы жиналған сыйақы туралы авторларға есептерді жіберу бөлігінде ұйымның міндеттері көзделеді.
Авторлардың құқықтарын тек бір ұйымға немесе көлемі, аумағы және басқару салалары бойынша бөлінген бірнеше ұйымға беру бөлігінде түзетулер енгізіледі.
Нақты шығыстарды жабуға арналған және арнайы қорларға жіберілетін сомалар нақтыланады (жиналған сыйақының жалпы сомасының 30% - ынан аспауы тиіс).
Ұйымды аккредиттеуді кері қайтарып алу үшін негіздер толықтырылады (авторларға сыйақы ставкаларын Үкімет белгілеген сыйақының ең төменгі ставкаларынан төмен қолдану бөлігінде).
Аккредиттеу құқығын уәкілетті органның кері қайтарып алуы нәтижесінде оны қайталап алуда екі жыл мөлшерінде мерзімге шектеу белгіленеді.
Авторлар мен құқық иеленушілерге ұжымдық ұйымдардың өзара мүдделерді білдіру туралы шарттар жасасу, өз қызметі туралы ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін енгізу Авторлық құқық бойынша түзетулер авторлар мен құқық иеленушілердің тиесілі сыйақыны алу құқықтарын қамтамасыз ету үшін ұжымдық ұйымдардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағыталған.
Ұжымдық ұйымдардың ашықтығын қамтамасыз етудің қажеттілігі Бүгінгі таңда ұжымдық ұйымдардың қызметі бойынша көптеген проблемалар туындайды.
Қазіргі уақытта интернет-ресурстарда орналастырылған аккредиттелген ұйымдардың есептері және авторлардың шағымдары ұйымдардың міндеттерін орындамағаны туралы куәландырады.
Заң ұйымдардың ұйымдар мен арнайы қорлардың шығыстарына жиналған сыйақы сомасының 30 пайызынан асырмай ұстап қалуын көздейді.
Бұл түзету неге бағытталған?
Заңнамаға сәйкес ұйымдар жиналған сыйақының жалпы сомасының 30% - ынан аспайтын мөлшерде ұстап қалуға құқылы. Бұл сомаға арнайы қорларға арналған шығыстарды қосу ұсынылады.
Ұйым неғұрлым аз ұстаса, автор немесе құқық иесі соғұрлым көп сыйақы алады.
Ұжымдық ұйымдар авторлармен, сондай-ақ кәсіпкерлер атынан пайдаланушылармен өзара іс-қимыл жасайды. Ұйымдардың қандай міндеттері Заңда оның қызметінің анықтығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін қарастырылған?
Ұйымдардың пайдаланушылармен шарттар туралы (пайдаланушының атауы, оның орналасқан жері және шарт жасалған күн), мүдделерді өзара білдіру туралы басқа ұжымдық ұйымдармен шарттар туралы ақпаратты, 5 жыл ішінде оған қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, ұйымды тексеру туралы аудиторлық қорытындыны өзінің интернет-ресурсында орналастыру жөніндегі; жиналған, есептелген, төленген сыйақы және ұсталған сомалар туралы деректерді алу үшін өзінің интернет-ресурсында автордың жеке кабинетін құру туралы міндеттер.
Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару институтын еңгізуі Авторлар мен құқық иеленушілерге объектілердің пайдаланылуын қадағалау және әрбір пайдаланушымен шарт жасасу қиын.
Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару авторлардың жария орындау (кафе, барлар, мейрамханалар, қонақ үйлер) және эфирге және кабель арқылы хабарлау саласындағы мүліктік құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.
зияткерлік меншік құқықтары бойынша
бөлім басшысы
Аубакирова А.Е.