Меню

Страницы

Статья

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы электрондық куәліктерді беру тәртібі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 14 шілдедегі Заңы шеңберінде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне өзгерістер енгізілді.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар электрондық нысанда беру қарастырылған. Енді, қажет болған жағдайда, азамат құжаттың электрондық нұсқасын ұсына алады. Азаматтарға қалауы бойынша қағаз жеткізгіште куәліктер мен анықтамалар беріледі.

Қазіргі уақытта, азаматтық хал актілерін тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін Қағидаларда, электрондық үкімет порталы арқылы қызметтердің барлық түрлері бойынша өтініш беру және цифрлық куәлік беру мүмкіндігі көзделген.

Осындай ақпараттық өзара іс-қимылдың арқасында азаматтар интернет арқылы мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ ала алады (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы өтініштер беру және куәліктер мен анықтамалар алу).

Аталған новеллалар азаматтардың уақыт және қаражат шығындарын қысқарту, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету процесін толықтай цифрлық форматқа көшіру мүмкіндігін береді. 

Дата публикации
01 ноября 2022
Дата обновления
01 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы