Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестациядан өткізу
Жеке сот орындаушысы (ЖСО) лауазымына үміткерлерді аттестациялау түрлі заңнамалық актілер бойынша 100 сұрақтан тұратын тестілеу түрінде өткізіледі. Кандидат келесі заңдарды білу деңгейін көрсетуі тиіс: «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заң (45 сұрақ), Азаматтық кодекс (10), Азаматтық іс жүргізу кодексі (10), Қылмыстық кодекс (5), Қылмыстық-процессуалдық кодекс (5), Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс (5), Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс (15) және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекс (5).
Аттестациялау рәсімі құжаттар тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде өткізіледі. Тестілеуге келмеу аттестациядан өтпеген болып саналады, алайда дәлелді себептер болған жағдайда тестілеуді бір рет ауыстыруға рұқсат етіледі.