Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу

Саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін), сондай-ақ шетелдік коммерциялық емес ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен кейінгі - 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

Саяси партияларды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдар үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру, сондай-ақ жарғыны (ережесін) қайтару қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен бастап - 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса берілген өтініш берілген күннен бастап 1 айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестендіру нөмірлері жоқ шетелдік тұлғалар қатысатын коммерциялық заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу өтініш берілген күннен кейінгі - 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның мемлекеттік тіркеуді, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша 5 жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс 10 жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Порталда – акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу
Дата публикации
20 октября 2025