«Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің Қарағанды облысы Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Теміртау қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалы туралы ЕРЕЖЕ

                  Осы ереже «Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің Қарағанды облысы Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Теміртау қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалы (бұдан әрі-Филиал) мәртебесі мен кұзыретін айкындайды.

Жалпы ережелер

  1. «Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің Қарағанды облысы Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылды.
  2. Филиал қызметкерлерінің қызметі тиісті лауазымдық нұсқаулықтарымен регламенттеледі.
  3. Филиал өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Әділет министрілігі (бұдан әрі-Министірлік) туралы Ережеге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Филиалдың құрылымын және қызметтерінің штаттық санын Департамент басшысының ұсыныс бойынша министерлік бекітеді.
  5. Филиалдың орналасқан орны: 101400, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Блюхер көшесі, 23 үй.
  6. Филиалдың мемлекеттік тіркеудегі толық атауы:

«Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің Қарағанды облысы Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Теміртау қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалы.

          Филиалдың орыс тіліндегі толық атауы:

Филиал «Межрайонный территориальный отдел принудительного исполнения города Темиртау» республиканского государственного учреждения «Департамент юстиции Карагандинской области Министерства юстиции Республики Казахстан».

  1. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді:

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңымен жүктелген азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот шешімдерінің, ұйғарымдарының және қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды, қылмыстық істердің мүліктік өндіріп алу бөлігі бойынша үкімдер мен қаулырарды, сондай-ақ басқа да органдардың қаулыларын міндетті және уақытылы орындау жөніндегі міндеттерді заңмен белгіленген мерзімде жүзеге асыру.

 

Филиалдың функциялары мен құқықтары

 

  1. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының және мемлекеттік сот орындаушысының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық іс-қимылдар жасауға;

          өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес;

          өз құзыреті шегінде прокурорлық актілерін қарастыру;

          атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша жүгінулерді, өтініштер мен арыздарды уақытылы қарау;

          атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен, жергілікті соттармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

          әкімшілік құқық бұзушылық туралы, оның ішінде жеке сот орындаушысының ұсынуы бойынша хаттамалар жасау;

          атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпарат, түсініктемелер мен анықтамалар алу;

          "атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы"ҚР Заңына сәйкес кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда тексерулер жүргізу;

          борышкерлердің банктік шоттарына, жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне тыйым салу;

          "атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңына сәйкес тыйым салынған мүлікті сату;

          қолданыстағы заңнаманы тұрақты негізде зерделеу және кәсіби деңгейін арттыру;

          атқарушылық іс жүргізу тараптарын белгіленген уақытта жеке қабылдауды жүзеге асыру;

          атқарушылық іс жүргізу заңнамасында көзделген өзге де атқарушылық іс-әрекеттер жасау.

          Филиал заңнамада белгіленген тәртіппен құқылы:

          Егер атқарушылық құжатты орындау барысында осындай қажеттілік туындаса, басқа қаланың немесе ауданның сот орындаушысына жекелеген атқарушылық әрекеттерді жүргізуді тапсырсын;

          Олардың негізінде атқарушылық әрекеттер жасалатын атқарушылық құжаттардың орындалуы түсініксіз болған жағдайда, түсіндіру үшін атқарушылық құжатты берген сотқа немесе өзге де органдарға жүгінуге;

          Қылмыстық қудалау органына сот актілерін орындаудан қасақана жалтарған адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс енгізуге;

          Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарына ұсыныстар енгізу.

Филиал жұмысын ұйымдастыру

  1. Филиалды Департамент басшысы тағайындайтын және қызметтен босататын аумақтық бөлімнің басшысы басқарады

          Мемлекеттік сот орындаушыларын Департамент басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

  1. Аумақтық бөлімнің басшысы өз жұмысында Департамент басшысына тікелей бағынады және есеп береді.
  2. Аумақтық бөлімінің басшысы:

1) өзіне жүктелген аумақтық бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды және мемлекеттік сот орындаушыларына жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;

2) Уәкілетті және аумақтық органдардың бұйрықтарын, әдістемелік ұсынымдарын, нұсқаулары мен өкімдерін орындауды ұйымдастырады, өз өкілеттіктері шегінде өкімдер енгізеді;

3) Жеке және заңды тұлғалардың сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдары мен өтініштерін шешуді жүзеге асырады, оларды қабылдауды жүргізеді;

4) аумақтық бөлімнің қызметі туралы статистикалық есептілікті жасайды және іс жүргізу және мұрағатты жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

5) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы"ҚР Заңында көзделген атқарушылық іс-әрекеттер жасауға құқылы;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға міндетті;

  1. Филиалдың қызметі Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ филиал қызметкерлері арасында лауазымдық міндеттерді бөлуге сәйкес жүзеге асырылады.

Филиалдың Мүлкі

  1. Филиалдардың жеке мүлкі жоқ.
  2. Қызметті жүзеге асыру үшін филиал заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің теңгеріміндегі мүлікті ұсынады.

Филиалды қайта ұйымдастыру және тарату

  1. Филиалды қайта ұйымдастыру және тарату, сондай-ақ өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ПОЛОЖЕНИЕ О филиале «Межрайонный территориальный отдел принудительного исполнения города Темиртау» республиканского государственного учреждения «Департамент юстиции Карагандинской области Министерства юстиции Республики Казахстан»
Дата публикации
19 октября 2025