Егер Департаментке кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
міндеттері және функциялары
1) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді қамтамасыз ету;
2) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің және тексеру комиссияларының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
3) құқықтық көмекті ұйымдастыру және заң қызметтерін көрсету, құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты, құқық түсіндіру жұмысын іске асыру;
4) зияткерлік қызмет құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
5) атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
6) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес жүзеге асыру;
7) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғауды жүзеге асыру;
Департамент өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан электрондық жеткізгіштердегі қажетті ақпаратты және материалдарды Қазақстан Республикасының заңамасында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
2) өздерiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексiнiң 56-бабында белгiленген тәртiппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып жүгiнуге;
4) заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасап, iстердi қарауға, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
5) Кәсіпкерлік кодекске сәйкес нотариустардың және заң консультанттары палатасының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге;
7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетуге;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке сот орындаушылардың қызметің бақылауды және тексеру жүргізуді жузеге асыруға
нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын мемлекеттік тіркеу, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін қамтамасыз ету;
әдiлет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығаруды, мемлекеттік тіркеуді және олардың күшін жоюды реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау саласында жергілікті мемлекеттік басқару органдарында бақылауды жүзеге асыру;
3)әділет органдары туралы Заңының 14-бабында көзделген негіздер бойынша нормативтік құқықтық актілерге қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар енгізу;
4) жергілікті мемлекеттік басқару органдары қабылданған актілердің тізбелерін зерделеу;
5) әділет органдарында тіркелген нормативтік құқықтық актілерге қатысты енгізілген прокурорлық қадағалау актілері бойынша прокуратра органдарымен тоқсан сайынғы және жылдық салыстыруды жүргізу;
6) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасау және әкімшілік істерді қарау;
7) нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
8) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу;
9) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу;
10) Кәсіпкерлік кодекске сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және, олардың филиалдары мен өкілдіктерін бақылауды жүзеге асыру;
11) Кәсіпкерлік кодекске сәйкес жылжымайтың құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу анықталған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жіберу;
13) азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы тіркеу органының қызметін әдістемелік қамтамасыз ету;
14) азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылауды жүзеге асыру;
15) тағылымдамадан өткен және нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу;
16) нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған кезде Нотариаттық палатамен бірлесіп нотариаттық іс-әрекеттер жасауды ұйымдастыру;
17) нотариат мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқамалық және түсіндіру материалдарымен қамтамасыз ету;
18) Министрлікке нотариус лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру және оның күшін тоқтату туралы ұсыну енгізу;
19) Нотариаттық палатамен бірлесіп тиісті нотариаттық округте өз қызметін тоқтатқан нотариустың мөрін жою және құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық архивке беру жөнінде, сондай-ақ егер нотариус лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жағдайда оны лицензиарға беру үшін лицензияны алып қою жөнінде шаралар қабылдау;
20) жеке нотариусты жауаптылыққа тарту туралы нотариаттық палатаға ұсыным енгізу;
21) жекеше нотариустардың «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастыру және өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаудан жалтарған және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптарын бұзатын жекеше нотариустарға шаралар қолдану;
22) жеке практикамен айналысатын нотариустар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына бақылауды жүзеге асыру;
23) жеке және заңды тұлғаларға адвокаттар, нотариустар және заң консультанттары көрсететін заң қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
24) Министрлікке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату туралы ұсыным енгізу және адвокаттың лицензиясынан айыру туралы талап қоюға бастамашылық жасау жөнінде ұсыным енгізу;
25) әділет, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өзге де әділет органдарынан және сол аумақтың нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
26) нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету саласындағы заңдылықты сақтауын қамтамасыз ету;
27) нотариустың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
28) аумақтық нотариаттық палаталардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
29) Министрлікке аумақтық нотариаттық палатамен бірлесіп нотариаттық округ бойынша нотариустардың ең аз санын бекіту туралы ұсыныс енгізу;
30) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету субъектілерінің қызметін үйлестіру, сондай-ақ көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
31) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы халықты құқықтық ағартуды және құқықтық хабардар етуді қамтамасыз ету;
32) 1993 жылғы 22 қаңтардағы және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенциялар шеңберінде құқықтық көмекті ұйымдастыру;
33) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың және заң консультанттарының тізімін елорда аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымында жариялау және өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
34) Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасын сақтау бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру;
35) зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңнаманы қолдану практикасын қорыту;
36) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын түсіндіру және осы саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі құқықтық түсіндіру жұмысын қамтамасыз ету және жүргізу бойынша хабардар ету;
37) атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету (ұйымдық, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, талдау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау, борышкерлердің тыйым салынған мүлкімен жұмыс);
38) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізу;
39) мемлекеттік сот орындаушыларының орындалған атқару әрекеттерінің заңдылығын және іс жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
40) жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесе отырып жеке сот орындаушыларының жасайтын атқарушылық іс-әрекеттерінің заңдылығына және олардың іс қағаздарды жүргізу қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
41) Министрлікке жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату және айыру туралы ұсыным енгізу;
42) жеке сот орындаушысын жауаптылыққа тарту туралы тәртіптік комиссияға ұсыным енгізу;
43) тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу;
44) алименттер мен жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау шеңберінде көрсетілетін жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді қаржыландыруға бағытталатын республикалық бюджетпен қаражат ақы төлеуді жүргізу;
45) өндіріп алушылардың, лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының пайдасына өндіріліп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығару;
46) жеке сот орындаушыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
47) жеке сот орындаушыларының жұмыс практикасын жинақтау;
48) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 148-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ақпарат жинауды жүзеге асыру;
49) жеке және заңды тұлғалардың жеке сот орындаушылары қызметінің мәселелері бойынша өтініштерін қарау;
50) жеке сот орындаушылары жасаған атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығын және олардың іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
51) Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының отырыстарына қатысу;
52) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, олардағы сын-ескертпелерді талдау және қорыту, жұмысты жетілдіру әрі жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын тудыратын себептерді жою мақсатында қоғамдық пікірді зерделеу;
53) өздерiне басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердiң, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз ету;
54) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау;
55) Департаментінің қызметін цифраландыру бойынша тапсырмаларды іске асыру;
56) тоқсан сайынғы негізінде әділет департаменттері жанындағы жергілікті мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің үйлестіру кеңесін ұйымдастыру және өткізу;
57) құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды үйлестіреді, заңнаманы түсіндіруге қатысады.
1) құзыретінің шегінде Департамент қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) Департаменттің және мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімдерінің қызметкерлерін басшының орынбасарларын іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек даярлау (қайта дарлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы және сыйлықақы төлеу мәселелерін шешеді;
3) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
5) Департаменттің мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
6) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесін білдіреді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
Департамент басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Департаменттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің және бөлімдердің (филиалдардың) тізімі: