Осы ереже Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қарағанды облысы Әділет департаментінің Республикалық мемлекеттік мекемесінің «Балқаш қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалы (бұдан әрі-Филиал) мәртебесі мен құзыретін айқындайды.
Жалпы ережелер
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қарағанды облысы Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қарағанды облысы Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің «Балқаш қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалы.
Филиалдың орыс тіліндегі толық атауы:
Филиал «Межрайонный территориальный отдел принудительного исполнения города Балхаш» Республиканского государственного учреждения «Департамент юстиции Карагандинской области Министерства юстиции Республики Казахстан».
Филиалдың негізгі міндеттері
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындапушылардың мәртебесі туралы» ҚР Заңымен жүктелген азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот шешімдерінің, ұйғарымдарының және қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды, қылмыстық істердің мүліктік өндіріп алу бөлігі бойынша үкімдер мен қаулыларды, сондай-ақ басқа да органдардың қаулыларын міндетті және уақытылы орындау жөніндегі міндеттерді заңмен белгіленген мерзімде жүзеге асыру;
Филиалдың функциялары мен құқықтары
Атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық әрекеттерді Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі» туралы Заңының, нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес орындау.
Өз құзіреті шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
Өз құзіреті шеңберінде прокурорлық ықпал ету актілерін қарастыру;
Атқарушлық іс жүргізу мәселелері бойынша жүгінулерді, өтініштерді және өтінімдерді уақытылы қарастыру;
Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен, жергілікті соттармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар құру, оның ішінде жеке сот орындаушыларының ұсынуымен;
Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты, түсініктемелерді және анықтамаларды алу;
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес меншіктің кез- келген нысанындағы ұйымдарға тексеру жүргізу;
Борышкердердің банктік шоттарына, жылжымалы- жылжымайтын мүлігіне тыйым салу;
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес тыйым салынған мүлікті сату;
Тұрақты негізде қолданыстағы заңнамамен зерделеу және кәсіби деңгейді жоғарылату;
Атқарушылық іс жүргізудің тараптарын белгіленген уақытта жеке қабылдау;
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамамен қаралған басқа да атқарушылық әрекеттерді іске асыру.
1) Егер атқарушылық құжатты орындау барысында жекелеген атқарушылық әрекеттер жасау қажеттілігі туындаған жағдайда басқа қаланың немесе ауданның сот орындаушысына тапсырма беруге;
2) Атқарушылық құжаттардың негізінде атқарушылық әрекеттер жасау кезінде сол құжаттар түсініксіз болса, түсініктеме алу үшін атқарушылық құжатты берген сотқа немесе өзге органдарға жүгінуге;
3) Қылмыстық қудалау органына сот актілерін орындаудан бас тартқан тұлғаларды қылмыстық жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізу.
4) Атқарушылық іс жүргізу сұрақтары бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндірушілік материалдарға ұсыныстар енгізу.
Филиалдың жұмысын ұйымдастыру
1) өзі басқаратын аумақтық бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, бақылайды және мемлекеттік сот орындаушыларына жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапты болады;
2) уәкілетті және аумақтық органдардың бұйрықтарын, әдістемелік ұсынымдарын, нұсқауларын және өкімдерін орындауды ұйымдастырады, өз құзыретін шеңберінде өкімдер шығарады.
3) сот орындаушыларының және сот приставтарының әрекеттеріне жасалған жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін шешуді жүзеге асырады, оларды қабылдайды;
4) аумақтық бөлімнің қызметі туралы статистикалық есептілікті қалыптастырады және іс жүргізу мен мұрағат жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
5) осы Заңмен қаралған атқарушылық әрекеттерді іске асырады:
6) Қазақстан Республикасының заңдарымен қаралған басқа да әрекеттерді іске асырады.
Филиалдың мүлкі
Филиалды қайта құру және тарату