Қарағанды облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің 2025 жылдың І жартыжылдығында 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстыра отырып атқарған жұмысы туралы ақпарат

 
2025 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҒЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету  бөлімі
 
 
Қарағанды облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің 2025 жылдың І жартыжылдығында 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстыра отырып атқарған жұмысы туралы ақпарат
 
Қарағанды облысының Әділет департаментімен (бұдан әрі - Департамент) құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бағытында құқықтық көмек көрсету сапасын арттыру мәселелеріне баса назар аударылады. 
2025 жылдың І жартыжылдығы бойынша азаматтардың құқықтық мәдениетін, құқықтық оқыту және тәрбиесі  деңгейін арттыру мақсатында әділет органдары қызметінің негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша, оның ішінде аймақтардың шалғай орналасқан селолық округтерінде 663 (2024ж.– 424) іс-шара ұйымдастырды, оның ішінде: баспа басылымдарында, электрондық БАҚ-та – 16(2024 ж. –  21), ТД-да – 11 (2024ж. – 7), радиода – 2 (2024 ж.– 1), мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында (веб-сайттарда) – 101 (2024 ж.– 98) сөз сөйлеу, дөңгелек үстел, дәріс, семинар - 47 (2024 ж.– 13), тренинг – 0 (2024ж. - 0), баспасөз конференциясы (тікелей эфирлер, бейнероликтер) - 11 (2024 ж.– 6), брифинг – 0 (2024ж. - 0), ақпараттық топтардың шығуы - 10 (2024 ж.– 11), «Әділет кеңес береді» акциясы - 2 (2024ж. - 2), «Ашық есік күні» - 16 (2024 ж.– 3) өткізілді. Халықтың қамтылу саны – 115 812 адам(2024ж. – 108 418), әлеуметтік медиа (facebook, instagram, youtube және т.б.) 447 (2024 ж.– 262). Өткен жылмен салыстырғанда өткізілген іс-шаларадың жалпы саны 64 %-ға, ал халықты қамтылуы 6,3 % артқан.
Бұдан басқа халыққа білікті заң көмегін көрсету мақсатында Департаментиің бірінші басшыларының және мамандардарының қатысуымен облыстың шалғай орналасқан селолық ауылдарына, түзету мекемелеріне шығулар ұйымдастырылды. Құқықтық түсіндіру жұмысы Департаменттің жұмыс бағыттары бойынша тұрақты түрде жүргізілуде.
 
Заң консультанттарының қызметін ұйымдастыру бағыты бойынша 
Қарағанды облысында 5 заң консультанттары палатасы жұмыс жасайды (2024ж. – 4), онда 1748 заң консультанты мүше болып табылады (2023ж. - 1461).  
Барлығы жыл басынан 33 шағым түсті (2024ж. – 15).
Оның ішінде 6 негізді деп танылды (Атаева Ә.Қ., Балмагамбетова Д., Беков С.Н.-палатадан шығарылды, Дюсембекова Г.К.-ескерту, Темирханов Т.Т.-қоғамдық айыптау) (2024ж. - 6) және 24 негізсіз деп танылды (2024ж. – 9), қарау сатысында - 3.
Заң консультанттары палаталарымен 24 азаматқа кешенді әлеуметтік заң көмегі көрсетілді.
Шағымдар сипаты:
9 - міндеттемелерді орындамау/қаражатты қайтару; 
10 - сапасыз заң көмегін көрсету;
1 - шарт жасамай заң көмегін көрсету;
4 - этиканы бұзу;
9 - басқалары.
       
 
 
 
 
Қарағанды облысының 
Әділет департаменті

 

 

Информация о проделанной работе отдела по праворазъяснительной работе и оказанию юридических услуг населению Департамента юстиции Карагандинской области за І полугодие 2025 года
Дата публикации
15 октября 2025