Қарағанды облысы Әділет департаментінің 2025 жылдың 3 тоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар туралы ақпарат.
Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған Үлгілі жоспарды (бұдан әрі- Жоспар) орындау мақсатында, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен келесі шаралар өткізілді.
Әділет департаментінің қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» бойынша «Doсumentolog» ақпараттық жүйесінде онлайн-курстан өтті.
2025 жылдың 4 тамызда Қарағанды облысы Әділет департаментінің ресми сайтында Әкімшілік бөлімінің бас маманы М.Муздыбаеваның «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар» атты мақаласы жарияланды. https://share.google/q4x2UyvT6y7x2PT17
2025 жылғы 18 тамызда Қарағанды облысы Әділет департаментінде Сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бойынша семинар өтті.
Іс шара барысында заңгер Сүлейменова Алтынай Ислямовна Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған негізгі жаңашылдықтармен таныстыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың жолдары және мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы іс әрекет ету және алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау туралы түсініктеме берді. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының қатаң орындалу қажеттігін атап өтті. https://www.instagram.com/reel/DNfn6KUIE1K/?igsh=aWVsZWU1cDV6eDJt
2025 жылғы 8 қыркүйекте Балқаш қаласы мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінде «Сыбайлас жемқорлық қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында жұмыс кеңесі өткізілді.
2025 жылдың 19 қыркүйекте Қарағанды облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Нұра ауданы Кертінді ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жергілікті тұрғындарға барлық құқықтық мәселелер бойынша тегін көмек көрсетілді. Сонымен қатар, тұрғындарды жеке қабылдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекет жолдарына да түсініктеме берді.
https://www.instagram.com/reel/DOyp8U_iHVk/?igsh=MWF1cnJobXNpaHF3OA==
Әділет департаментінің алқа және аппараттық отырыстарында Департамент басшысы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтауына тұрақты түрде тапсырма беріледі. Осы атқарылған шаралар Әділет департаментінің интернет ресурсында, әлеуметтік желілердегі ресми парақшада жарияланды.
Әділет департаментінің барлық қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттармен таныстырылды.
2025 жылдың 27 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында Қарағанды облысы Әділет департаментінің мамандары, адвокат, нотариус, өңірлік жеке сот орындаушыларынан тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің №61 мекеме» РММ-де қолданыстағы заңнама мәселелері бойынша құқықтық түсініктеме берді. Іс шара барысында жазасын өтеп жатқан адамдар атқарушылық іс жүргізу, алименттерді есептеу және төлеу, жылжымайтын мүлік, аппеляциялық сатыдағы шешімдерге шағымдану, сондай-ақ, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау тәртібі мәселелері бойынша жауап алды.
https://www.instagram.com/reel/DN3o-B70Far/?igsh=MWhnazl5eGw1ZTQ1MQ==