Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаменті туралы Ереже
Қарағанды облысының Әділет департаменті (бұдан әрі – Департамент) әділет органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады.