2026 жылғы 24 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Заң 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.
Заңда өзгерістер үш негізгі бағыт бойынша көзделген.
БІРІНШІ – атқарушылық іс жүргізуд еазаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту.
Бірінші кезекте айыппұлдар мен салық берешегін өндіріп алудың оңайлатылған тәртібін қолдану аясы кеңейтілді. Өндіріп алу шегі 20 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Бұл азаматтардың қосымша шығындарға ұшырамауына мүмкіндік береді.
Уәкілетті органның өндіріп алынған қаражатты өндіріп алушыларға аудару мерзімдері мен тәртібін белгілеу жөніндегі құзыреті толықтырылды. Бұл ретте атқарушылық іс жүргізулері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерде орналасқан өндіріп алушылардың құқықтары да ескерілетін болады.
Сот орындаушыларына борышкерді тұрғын үйден шығару туралы кемінде күнтізбелік он күн бұрын хабарлау міндеті енгізілді. Бұл борышкерге алдын ала дайындалуға және уақытша тұрғын үй табуға мүмкіндік береді.
Шектеу шараларының ұзақ уақыт бойы сақталуы мәселесі шешілді. Атқарушылық құжатты орындауға ұсыну мерзімі өтіп кеткен жағдайда мәжбүрлеп орындатудың барлық шараларының күші жойылуға тиіс.
Сонымен қатар атқарушылық құжатты соңғы болып орындаған және атқарушылық іс жүргізуді тоқтатқан сот орындаушысына басқа сот орындаушылары салған барлық тыйым салулар мен тыйымдарды алып тастау құқығы беріледі. Бұл шектеулерді алып тастау мерзімдеріне дәуір қысқартуға және әрбір жеке сот орындаушысына бөлек жүгіну қажеттігін болғызбауға мүмкіндік береді.
Атқарушылық құжаттың талаптарына дәл орындап жүрген азаматтардың баламен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы атқарушылық құжаттар бойынша Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне автоматты түрде енгізілуі алып тасталды.
Тараптар бітімгершілік келісім жасасу үшін сотқа жүгінген жағдайда атқарушылық іс жүргізуді бір айға дейін тоқтата тұруға негіз көзделді.
Алименттік міндеттемелерді қорғауға ерекше назар аударылды. Алимент қаражаты өндіріп алушының арнайы банктік шотына ғана аударылатын болады және мұндай шотқа тыйым салуға жол берілмейді.
Бұдан басқа, мүгедектігі бар адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар мен Әлеуметтік кодекске сәйкес төленетін өзге де әлеуметтік төлемдерден өндіріп алу мөлшері 25 пайыздан аспайтын болып белгіленді.
ЕКІНШІ – жеке сот орындаушысының кәсібилігі мен жауапкершілігін арттыру.
Заңмен жұмыс істеп жүрген жеке сот орындаушыларын міндетті аттестаттаудан өткізу енгізілді. Бұл олардың кәсіби даярлық деңгейі мен заңнаманы білуін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Қайта аттестаттаудан өтпеу жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтатуға негіз болады. Аталған норма 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жеке сот орындаушыларының көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Соңғы үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлыққұқық бұзушылықтары үшін жауаптылыққа тартылған адамдар осы салада жұмыс істей алмайды.
Әділет органдарының жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау жөніндегі өкілеттіктері кеңейтілді. Бақылау күшейтіледі, ал әділет органдарының заңды талаптарын орындамау заңда көзделген салдарға әкеп соғады. Атап айтқанда, бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар енгізіледі, ал оларды қараусыз қалдыру лицензияның қолданылуын тоқтату немесе сот орындаушысын сот тәртібімен қызметтен шеттету рәсімін қозғауға негіз болады.
Сондай-ақ әділет органдары мен жеке сот орындаушыларының палаталары жоспарлы және жоспардан тыс бақылау жүргізу кезінде жеке сот орындаушыларының банктік шоттары бойынша үзінді-көшірмелерді сұратуға құқылы.
Бұдан басқа, жеке сот орындаушысының лицензиясынан айыру уәкілетті органның шешімі негізінде жүзеге асырылады. Бұл шешімге шағым жасау оның қолданылуын тоқтата тұрмайды.
ҮШІНШІ – атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру.
Тыйым салынған мүлікті электрондық сауда-саттық арқылы өткізу тәртібі жетілдірілді. Өндіріп алушыға аукцион өткізілген кезде мүлікті жарияланған құны бойынша не мүлік өтпей қалған жағдайда оның төмендетілген құны бойынша өзінде қалдыру құқығы беріледі. Жеңімпаз толық төлем жасаудан бас тартқан жағдайда сатып алу құқығы алдыңғы ең жоғары баға ұсыныстарын кезекпен растаған қатысушыларға ауысады. Аталған норма 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сот орындаушысының әрекеттеріне сотқа дейін шағым жасау тәртібі енгізілді. Бұл жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жедел қарауға мүмкіндік береді.
Егер заңды тұлғаның басшысы мен заңды тұлғаның орналасқан жері белгісіз болса, оның басшысын іздестіру жариялау мүмкіндігі көзделді.
Жалпы алғанда, қабылданған Заң сот орындаушылары институтының серпінді дамуын қамтамасыз етуге, мәжбүрлеп орындатудың нәтижелілігін арттыруға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, жеке сот орындаушылары қызметінің ашықтығын және қоғамның мәжбүрлеп орындату институтына деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.
AdiletGov мобильді қосымшасында өндіріп алушыларға «Тараптар кабинеті» арқылы электрондық атқарушылық құжаттарды орындауға ұсынуға мүмкіндік беретін жаңа функционал іске қосылды.
Құжаттарды ұсыну автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады: пайдаланушы қажетті мәліметтерді толтырып, атқарушылық құжатты және көзделген өзге де материалдарды қоса тіркейді.
Сонымен қатар, «Тараптар кабинетінде» құжаттың келіп түскені туралы ақпарат, оның мәртебесі және сот орындаушысы қабылдаған шаралардың нәтижелері көрсетіледі.
Жаңа функционал өндіріп алушылардың уақыттық және ұйымдастырушылық шығындарын азайтуға, құжаттарды орналасқан жеріне қарамастан ұсынуға және оларды қарау барысын жедел бақылауға мүмкіндік береді.
Сервистің іске қосылуы атқарушылық іс жүргізуді цифрландырудың және өндіріп алушылар, әділет органдары мен сот орындаушылары арасындағы электрондық өзара іс-қимылды дамытудың кезекті кезеңі болып табылады.
Іс-шара барысында Дәниел Ваисов «Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негізгі өзгерістерге тоқталды.
Өз сөзінде, Вице-министр Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізу саласын цифрландыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып жатқанын атап өтті.
Вице-министр Заңда атқарушылық іс жүргізудегі тараптардың құқықтарын қорғау кепілдіктері кеңейтілгенін атап өтті. Атап айтқанда, әкімшілік айыппұлдар мен салық берешектерін жеңілдетілген тәртіппен өндіріп алу шегі 20 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, борышкерді үйден шығару туралы кемінде 10 күн бұрын хабардар ету міндеті енгізілді, атқарушылық құжатты ұсыну мерзімі өткен жағдайда мәжбүрлеп орындату шараларын жою және тыйымдарды алып тастау тәртібі жеңілдетілгенін айтты.
Бүгінде «Цифрлық сот орындаушысы», AdiletGov мобильдік қосымшасындағы «Тараптардың кабинеті» және «Цифрлық ассистент» сервистері жұмыс істейді. Бұл шешімдер атқарушылық рәсімдерді автоматтандыруға және сот орындаушылары қызметінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов «Цифрландыру жағдайында ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді құқықтық қорғаудың заманауи әдістері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге судьялар, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Мәдениет және ақпарат, Әділет министрліктерінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Бас прокуратураның, сондай-ақ заңгерлік қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Сессияны аша отырып, Н.Шәріпов цифрлық ортада ақпарат таратудың жоғары жылдамдығы мен ауқымын атап өтті. Ол тіпті абайсыз айтылған сөз немесе жалған жарияланым жеке тұлғаның да, ірі ұйымның да беделіне бірден елеулі зиян келтіруі мүмкін екенін, ал оны қалпына келтіру бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін айтып өтті.
Сонымен қатар, цифрлық орта авторлардың анонимділігіне немесе географиялық қашықтығына байланысты жазасыздық иллюзиясын тудырады.
Жоғарғы Сот судьясы Нұрия Сисенова осы санаттағы істер бойынша сот практикасы туралы баяндама жасады.
Қарағанды облыстық сотының алқа төрағасы Ғалым Құлекеев әсіресе, жарияланым кеңінен таралған кезде моральдық зиянды өтеу көлемін анықтау мәселесіне тоқталды.
Ақмола облыстық сотының алқа төрағасы Алтын Шойынбекова клиенттердің жоғалуына және бизнес үшін айтарлықтай қаржылық шығындарға әкеп соққан дәлелсіз жарияланым жайлымы салдар келтірді.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің департамент директоры Анар Мұқатаева, Астана қаласы Заң консультанттары палатасының төрағасы Әнуарбек Сқақов және Әділет министрлігінің Сот сараптамасыорталығының сот сараптама-филологы НазымМұқанова да талқылауға қатысты.
Олар қарастырылып отырған мәселеге қатысты өз көзқарастарын білдірді.
Әділет министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Зарина Өтепова сот актілерін орындаудың практикалық қиындықтарына назар аударды: оның айтуынша, жарияланымды алып тастау немесе теріске шығару сот процесін жеңіп алудан да қиын.
Н.Шәріпов талқылауды қорытындылай келе, мәтіндерді (тек жеке үзінділерді емес) кешенді лингвистикалықсараптау, интернеттен ақпаратты алып тастау тетіктерін жетілдіру және ақпараттың таралу көлеміне негізделген моральдық зиян үшін өтемақы өндіріп алу тәсілдерін нақтылау сияқты ұсыныстардың маңыздылығын атап өтті.
Осы ұсыныстардың барлығын Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының жобасын әзірлеушілер ескереді, өйткені ол адамның ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау құқығы мен сөзбостандығы құқығы, сондай-ақ ақпаратты еркін алу және тарату арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізуге бағытталған.
Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының жобасында, атап айтқанда, жала жабу туралы мәліметтаратқан интернет-ресурстар мен аккаунттардың иелерімен дауларды шешудің міндетті сотқа дейінгі рәсімі көзделген.
Тексерілетін фактілермен сот қорғауына жатпайтын құндылықтарды ажырату қажеттілігі атап өтілген.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасымен бірлесіп, 2026 жылғы 6–30 сәуір аралығында арнайы төлем түрлерін алуға арналған есеп шоттардан тыйымды алып тастау бойынша іс-шара жүргізілуде.
Тыйым салудан:
Азаматтар Adilet.gov мобильдік қосымшасында тіркеліп, қосымша арқылы шоттардан тыйым салуды алып тастау туралы жеке сот орындаушысына өтініш бере алады.
Шоттардан тыйым салуды алып тастау тек растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда ғана босатылады (жалақы түсетін шоты көрсетілген жұмыс орнынан анықтама, шоттың зейнетақылық екенін растайтын анықтама және т.б.).
Өз кезегінде, Әділет министрлігі шоттардан тыйымды алып тастау азаматтарды атқарушылық құжаттардың талаптарын (сомаларды өндіріп алу, айыппұлдар және т.б.) орындау міндетінен босатпайтынын хабарлайды.
2026 жылғы 7 сәуірде Qazaqstan телеарнасында ҚР Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитетінің басқарма басшысы Гаухар Бейсенбековна Досжанова алимент төлемеудегі негізгі мәселе – табысты жасыру мәселесі тақырыбында сұхбат берді.
Толық ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді:https://youtube.com/shorts/euyC0UnhjEU?si=IlySEvQPX7OFlRWF
2026 жылғы 31 наурызда 24 KZ телеарнасында ҚР Әділет министрлігінің Лицензиялау, лицензиядан кейінгі бақылау және өзара іс-қимыл басқармасының басшысы Мадина Нурлановна Мухашева Шет елде жүрген борышкерлерден алиментті өндірудің мәселесі тақырыбында сұхбат берді.
Толық ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді: https://youtu.be/b6wX0Xr7xpc?si=znDdc31bsI2bQYmI
Комитет төрағасы алимент төлеу бойынша берешегі бар тұлғаларға заңмен қарастырылған барлық мәжбүрлеп орындату шаралары қолданылып жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, өткен жылы 4824 борышкер әкімшілік жауапкершілікке, 380-і қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы айтылды. Сондай-ақ 2024 жылға қарағанда
2025 жылы жұмысқа орналастырылған борышкерлер саны біршама өскендігі айтылды.
Махсат Балабеков Министрлік сот орындаушыларының тәртібін арттыруға және оларға бақылауды күшейтуге бағытталған «Цифрлық көмекші» енгізілгенін айтты.
Қорытындылай келе, атқару саласы тұрақты бақылауда екенін атап және талапкерлердің бұзылған құқықтарын толық және уақтылы қалпына келтіру азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың ең маңызды кепілі болатынын айтты.
Сонымен қатар комитет төрағасы алимент өндіру және мәжбүрлеп орындатуға қатысты барлық сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара өңірдің барлық қалалары мен аудандарында ұйымдастырылып, балалардың құқықтарын қорғауға және алимент бойынша берешегі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталды. Акцияға облыс әкімдігі, Өңірлік жеке сот орындаушылар палатасы, нотариустар, адвокаттар, заң консультанттары, сондай-ақ 130-дан астам мемлекеттік орган өкілдері, 100-ден астам жұмыс беруші, 18 оқу орталығы және үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Кеңес алу және жұмысқа орналасуға жәрдем сұрап 1800-ден астам адам жүгінді.
Облыс бойынша алимент өндіру туралы шамамен 17 мың атқарушылық іс жүргізу орындауда тұр. Берешектің жалпы сомасы 3,8 млрд теңгеден асады, оның ішінде 1 млрд теңгеден астамы проблемалық берешекке жатады. 2025 жылы 382 борышкер жұмысқа орналастырылды (2024 жылы — 186). 2025 жылы 539 борышкер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Акцияның негізгі мақсаты — алименттік міндеттемелерді ерікті әрі жүйелі түрде орындауға жағдай жасау.
2026 жылдың 11 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбірлеп орындату комитеті төрағасының орынбасары Д. Шермаханбетұлы Қазақстан Республикасының Әскери сотында өткен сот шешімдерін орындау мәселелері бойынша дөңгелек үстелге қатысты.
Дөңгелек үстелге Әскери соттың, Бас әскери прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің және Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында сот шешімдерін орындау заңдылықпен тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі элементі болып табылатыны және барлық уәкілетті органдардың үйлестірілген іс-қимылын талап ететіні атап өтілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға, жедел ақпарат алмасуға және сот шешімдерінің орындалуын жүйелі бақылауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Мәжбірлеп орындату комитеті Әскери соттар мен сот актілерінің уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастырады.