№ 321 07.04.2026ж

Лицензиясынан айыру туралы

 

 

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 144-бабының 2-тармағының
7тармақшасына сәйкес және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Рауза Ахметкалиевна Жанболатоваға жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2017 жылғы 22 қарашадағы № 4288 мемлекеттік лицензиясынан айырылсын.
  2. Абайоблысы Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:

1)  осы бұйрықпен жеке сот орындаушысы таныстырылсын;

2) жеке сот орындаушысының iс жүргiзуiн, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнiнде шаралар қабылдасын;

3)  жеке сот орындаушысы ретінде жеке мөрін жойсын;

4) жеке сот орындаушысы ретінде атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын жою бойынша шаралар қабылдасын;

5) жеке сот орындаушысы ретінде iс жүргiзуi, мұрағаты, ағымдағы шотының қаражаты жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасына тапсырылған соң аталған жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алсын.

  1. Абай облысыӘділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар қабылдасын.

 

 

  1. Мәжбүрлеп орындату комитеті мемлекеттік лицензия тізіліміне жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айыру туралы жазбаны енгізсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату комитетіне жүктелсін
    (М. Балабеков)
  3. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: 2026 жылғы 13 қаңтардағы Абай облысы Семей қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімі,2026 жылғы 16 наурыздағы Абай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы.

 

 

Қазақстан Республикасының

Әділет вице-министрі                                             Д. Ваисов

 

Дата публикации
07 апреля 2026