27.03.2026ж. № 292

 

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 144-бабының
1-тармағының 5) тармақшасын және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2019 жылғы
16қыркүйекте № 5569 Аскар Абирович Конирбаевтың мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Маңғыстау облысының Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:

1) жеке сот орындаушысының іс жүргізуін, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) жеке сот орындаушысы ретінде жеке мөрін жойсын; 

3) жеке сот орындаушысы ретінде Қазақстан Республикасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын жою бойынша шаралар қабылдасын.

4) жеке сот орындаушысы ретінде іс жүргізуі, мұрағаты, ағымдағы шотының қаражаты жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына тапсырылған соң аталған жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алсын. 

3. Маңғыстау облысыныңӘділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар қабылдасын.

4. Мәжбүрлеп орындату комитеті мемлекеттік лицензия тізіліміне жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құықғына берілген лицензиясының қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату комитетіне жүктелсін (М.Балабеков).
  2. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.

 Негізі: Маңғыстау облысының Әділет департаментінің 2026 жылғы  14 наурыздағы02-1/9267-вн ұсынысы, 2023 жылғы 20сәуірдегі Маңғыстау облысының Ақтау қаласыныңпрокуратурасының Е.С. Турмагамбетовтың прокурорының қаулысы.

 Қазақстан Республикасының

Әділет вице-министрі                                                          Д. Ваисов

 

 

Дата публикации
01 апреля 2026