№ 29 от 14.01.2026

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 144-бабының 1-тармағының
2-тармақшасына сәйкесжәне «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Ринат Мухитович Джанахметовқа жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 2424 мемлекеттік лицензиясы тоқтатылсын.
  2. Маңғыстау облысының Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:

1) жеке сот орындаушысының іс жүргізуін, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) жеке сот орындаушысы ретінде жеке мөрін жойсын; 

3) жеке сот орындаушысы ретінде Қазақстан Республикасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын жою бойынша шаралар қабылдасын.

4) жеке сот орындаушысы ретінде іс жүргізуі, мұрағаты, ағымдағы шотының қаражатыжеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына тапсырылған соң аталған жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алсын. 

  1. Маңғыстау облысыныңӘділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар қабылдасын.
  2. Мәжбүрлеп орындату комитеті мемлекеттік лицензия тізіліміне жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құықғына берілген лицензиясының қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату комитетіне жүктелсін (М.Балабеков).
  4. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2025 жылғы                                31 желтоқсандағы  № 01-1/48958-вн ұсынысы, Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданының 2025 жылғы 10 сәуірдегі үкімі.

 

Қазақстан Республикасының

Әділет вице-министрі                    Д.Ваисов                                          

Дата публикации
20 января 2026