05.09.2025ж. №493

Лицензияның қолданысын

         тоқтату туралы

 

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 144-бабының 1 тармағының 5) тармақшасын және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Заңның 144-бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 4104Болат Бакытович Жумабаевтыңмемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:

1) жеке сот орындаушысының іс жүргізуін, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) жеке сот орындаушысы ретінде жеке мөрін жойсын; 

3) жеке сот орындаушысы ретінде Қазақстан Республикасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын жою бойынша шаралар қабылдасын.

4) жеке сот орындаушысы ретінде іс жүргізуі, мұрағаты, ағымдағы шотының қаражаты жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына тапсырылған соң аталған жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алсын. 

3. Астана қаласының Әділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар қабылдасын.

4. Мәжбүрлеп орындату комитеті мемлекеттік лицензия тізіліміне жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құықғына берілген лицензиясының қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату комитетіне жүктелсін (М.Балабеков).
  2. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.

 Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2025 жылғы        21 тамыздағы  № 1-1/31688-вн ұсынысы, 2025 жылғы 13 мамырдағы Астана қаласының ПД «Сарыарқа» ауданы ПБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы  қаулысы.

 Қазақстан Республикасының

Әділет вице-министрі              Д.Ваисов                                          

 

Дата публикации
08 сентября 2025