Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 143-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына, Заңның 167-бабы 8) тармақшасына, сондай – ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 бабы 2) тармақшасына және 2021 жылғы 12 мамырдағы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің № 386 бұйрығымен бекітілген Іс қағаздарды жүргізу қағидасының 59-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Заңның 143-бабының 2 тармағы 1) тармақшасының талаптарына сәйкес, Елдос Жетенұлы Арыстанбектың жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 4348 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 6 ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:
1) осы бұйрықпен лицензиат таныстырылсын;
2) лицензия қолданысының тоқтата тұру мерзімі шегінде лицензияттың мөрі аумақтық әділет органдарына уақытша сақтауға алынсын;
3) бұйрықпен таныстырған уақыттан бастап үш жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушысының орындауындағы атқарушылық іс жүргізулер қабылдау-тапсыру актісі арқылы қабылдансын.
- Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы жеке сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде есептік жазбасын уақытша бұғаттау бойынша шаралар қабылдасын.
- Астана қаласы Әділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру шаралар қабылдасын және осы бұйрықтың 2-тармағының орындалуына бақылауды жүзеге асырсын.
- Мәжбүрлеп орындату комитеті мемлекеттік лицензия тізіліміне көрсетілген жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату комитетіне жүктелсін (М.К. Балабеков).
- Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2025 жылғы 21 тамыздағы № 1-1/31689-вн ұсынысы.
Қазақстан Республикасының
Әділет вице-министрі Д. Ваисов