көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Қорытынды кіріспе, сипаттама-уәждеме және қорытынды бөліктерінен тұрады.
Қорытындының кіріспе бөлігінде бақылаудың түрі туралы мәліметтер, бақылауды жүзеге асырған адамның және бақылауға жататын жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), бақылауды жүргізу мерзімі, жеке сот орындаушысының бақылауды тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі және күні көрсетіледі.
Қорытындының сипаттама-уәждеме бөлігінде жеке сот орындаушысының қызметі туралы және атқарушылық іс жүргізу туралы мәліметтер, оның ішінде атқарушылық әрекеттер хронологиялық тәртіппен баяндалады.
Қорытынды бөлікте Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтың болуы немесе болмауы, төмендегі мерзімдер белгілене отырып, оларды жою жөніндегі ұсынымдар туралы қорытындыда:
жоспардан тыс бақылау бойынша – бес жұмыс күні және бұзушылықтарды жойғаны туралы ақпаратты тиісті аумақтық органға немесе аумақтылық бойынша өңірлік палатаға қорытындыдаберілген мерзімі аяқталған соң үш жұмыс күні ішінде беру көрсетіледі;
жоспарлы бақылау бойынша – он жұмыс күні және бұзушылықтарды жойғаны туралы ақпаратты тиісті аумақтық органға немесе аумақтылық бойынша өңірлік палатаға қорытындыда берілген мерзімі аяқталған соң үш жұмыс күні ішінде беру көрсетіледі.
Бұзушылықтарды жою мүмкін болмаған жағдайда жеке сот орындаушыға мерзімдер берілмейді, ол туралы қорытындыда көрсетіледі.»;
мынадай редакциядағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
«20-1. Бақылау жүргізген тұлғалар осы Қағидалардың
20-тармағында көрсетілген ақпаратты алғанан кейін, бес жұмыс күні ішінде қорытындыда көрсетілген бұзушылықтарды жоюдың дұрыстығын «Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі арқылы да, атқарушылық іс жүргізу материалдары арқылы да салыстырады.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін қорытынды жеке сот орындаушыларының Республикалық немесе аумақтылығы бойынша өңірлік палаталарының тәртіптік комиссиясының қарауына жіберіледі.
Қорытынды осы Қағидалардың 20-1-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Республикалық немесе аумақтылығы бойынша өңірлік жеке сот орындаушылары палаталарының тәртіптік комиссиясының қарауына жіберіледі.
Заңның 143, 144-баптарында көзделген бұзушылықтар бойынша уәкілетті органға жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныс енгізіледі.
Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру (тоқтату) туралы ұсынысқа осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген құжаттар қоса беріледі.».
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі Е. Сәрсембаев