28.03.2025ж. №166

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 143-бабы 2-тармағы
3) тармақшасына, Заңның 167-бабы 8) тармақшасына, сондай – ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 бабы 2) тармақшасына және 2021 жылғы 12 мамырдағы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің № 386 бұйрығымен бекітілген Іс қағаздарды жүргізу қағидасының 59-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Заңның 143-бабының 2 тармағы 3) тармақшасының талаптарына сәйкес, Жанат Сейльбекович Капезовқа жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 1438 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 1 ай мерзімге тоқтатыла тұрсын. 

2. Ақмола облысы Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:

1) осы бұйрықпен лицензиат таныстырылсын;

2) лицензия қолданысының тоқтата тұру мерзімі шегінде лицензияттың мөрі аумақтық әділет органдарына уақытша сақтауға алынсын; 

3) бұйрықпен таныстырған уақыттан бастап үш жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушысының орындауындағы атқарушылық іс жүргізулер қабылдау-тапсыру актісі арқылы қабылдансын.

  1. Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы жеке сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде есептік жазбасын уақытша бұғаттау бойынша шаралар қабылдасын.
  2. Ақмолаоблысы Әділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру шаралар қабылдасын және осы бұйрықтың 2-тармағының орындалуына бақылауды жүзеге асырсын.
  3. Мәжбүрлеп орындату комитеті мемлекеттік лицензия тізіліміне көрсетілген жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату комитетіне жүктелсін (Т.М. Әбубәкір).
  5. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.

 Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 18 ақпандағы№1/6434-вн ұсынысы.

 Қазақстан Республикасының

Әділет вице-министрі                                                         Д. Ваисов

 

 

 

Бұйрық
Дата публикации
28 марта 2025