01.07.2026 № 615

Лицензиясынан айыру туралы

 «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 144-бабының 2-тармағының
1) тармақшасынасәйкес және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіменЛяззат Женисовна Слямгожинағажеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2016 жылғы 22 ақпандағы № 3281 мемлекеттік лицензиясынан айырылсын.
  2. Абай облысы Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:

1)  осы бұйрықпен жеке сот орындаушысы таныстырылсын;

2) жеке сот орындаушысының iс жүргiзуiн, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнiнде шаралар қабылдасын;

3)  жеке сот орындаушысы ретінде жеке мөрін жойсын;

4) жеке сот орындаушысы ретінде атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын жою бойынша шаралар қабылдасын;

5) жеке сот орындаушысы ретінде iс жүргiзуi, мұрағаты, ағымдағы шотының қаражаты жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасына тапсырылған соң аталған жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алсын.

  1. Абай облысыӘділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар қабылдасын.
  2. Мәжбүрлеп орындату комитеті мемлекеттік лицензия тізіліміне жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айыру туралы жазбаны енгізсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату комитетіне жүктелсін
    (М. Балабеков).
  4. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.

 Негізі: 2026 жылғы 10 маусымдағыАбай облысының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы.

 Қазақстан Республикасының

Әділет вице-министрі          Д. Ваисов

 

 

 

Дата публикации
03 июля 2026