Шараға ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың, бизнес өкілдері, патенттік сенім білдірілген өкілдер, құқық иеленушілер және зияткерлік меншік объектілерін пайдаланушылармен аумақтық әділет департаменттерінің өкілдері қатысты.
Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова жаңа Конституцияда бекітілген зияткерлік меншікті қорғау кепілдігінің зияткерлік еңбек нәтижелерін қорғау және оларды заңды түрде пайдалану үшін бағдар ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
Тәжірибе алмасу практикалық қиындықтарды талқылаудан оларды шешу жөніндегі ұсыныстарға көшуге мүмкіндік берді. Қозғалған мәселелер қатарында құқықтық реттеудің жүйесіздігі және әртүрлі заңнамалық актілер нормаларының өзара үйлесімділігі болды.
Халықаралық үрдістер мен цифрлық сервистердің дамуы ұлттық практикаға қатысты талқылауды толықтырды. Рәсімдерді өтініш берушілер үшін қолжетімді, ал құқық иеленушілермен өзара іс-қимылды ашық ету мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру және оны кейіннен шоғырландыру жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.
ДЗМҰ-ның 2026 жылғы Жаһандық инновациялық индексінің қорытындысы бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 73-орынға ие болып, Орталық Азия елдері арасында көш бастады.
Бір жыл ішінде Қазақстан бірден 8 сатыға көтерілді. ДЗМҰ еліміздің ілгерілеуін Орталық және Оңтүстік Азия өңіріндегі ең елеулі өсім ретінде атап өтті.
Қазақстанның рейтингтегі позициясының нығаюы инновациялық көрсеткіштердің жақсаруымен қатар жүруде. Елдің мықты тұстарының қатарында жоғары технологиялық сектордың дамуы, еңбек өнімділігінің өсуі және зияткерлік меншік саласындағы белсенділік бар. Экономика көлеміне шаққандағы пайдалы модельдерге берілген өтінімдер саны бойынша Қазақстан әлемде 7-орынға ие.
Өңірлік көшбасшылық Қазақстанның инновациялық экожүйесінің жүйелі дамуын көрсетіп, ғылым, технологиялық кәсіпкерлік, өнертапқыштық және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырады.
2026 жылғы 28 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Астана қаласында дипломаттардың зияткерлік меншік саласындағы білімдері мен практикалық дағдыларын, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша құзыреттерін арттыруға бағытталған зияткерлік меншік жөніндегі тренинг өтуде.
Тренингті Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы және басқа да халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Іс-шараға қазақстандық дипломаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда.
Тренингті өткізу Қазақстанның ДЗМҰ-мен және дипломатиялық қоғамдастықпен өзара іс-қимылын дамытуға, сондай-ақ халықаралық экономикалық және сауда қатынастарындағы зияткерлік меншіктің рөлін практикалық тұрғыдан түсінуді қалыптастыруға ықпал етеді.
Іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасының Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамасының негізгі ережелері, сондай-ақ оларды практикалық қолдану мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, ұжымдық құқықтарды басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформаның (БЦП) таныстырылымы өтіп, онда платформаның негізгі функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша заңнаманы қолдану және авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы құқықтық реттеуді одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша тараптар пікір алмасты.
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев зияткерлік меншікті, мәдениетті, дәстүрлерді және Қазақстанның заманауи шығармашылық индустриясын тоғыстырған жобаның тарихи маңыздылығын атап өтті.
Қазақстанның ДСҰ және Женевадағы халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев мұндай бастамалардың халықаралық диалогты және Қазақстанның әлемдік аренадағы ұстанымын нығайтудағы маңыздылығына ерекше тоқталды.
Көрме мемлекеттік органдардың, шығармашылық қауымдастық пен отандық бизнестің бірлескен жұмысының нәтижесі болып, ұлттық мәдени және шығармашылық әлеуетті халықаралық деңгейде ілгерілетуге жаңа мүмкіндіктер ашты.
Сонымен қатар көрмедегі серіктестер мен бірлескен ұйымдастырушылар кәсібилігі, бастамашылдығы және жобаны іске асыруға қосқан үлестері үшін Әділет министрінің грамоталарымен марапатталды.
Жобаға демеушілік көрсеткен
kaspi.kz пен Еуразиялық патенттік ұйымның, қазақстандық экспозицияны құрып, қазақстандық суретшілердің туындыларын «тірі туындылар» жаңашыл форматында ұсынған Onergy Hub-тың, ұлттық тағамдарды таныстырған «Дайдидау» мейрамханасының, Қазақстанның музыкалық мұрасын жарқын түрде таныстырған «Жошы» этно-фольклорлық ансамблінің, сондай-ақ көрменің басқа да қатысушыларының үлестері ерекше атап өтілді.
Астана Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) тағайындаған ДЗМҰ -ның Инновациялар қаласы – 2026» халықаралық сыйлығының 15 финалисті қатарына енді.
Премия инновациялық және креативті экожүйені дамытып отырған қалаларды қолдауға бағытталған. Іріктеуді халықаралық тәуелсіз қазылар алқасы қалалар ұсынған бастамалар мен оларды іске асыру жоспарлары негізінде жүргізді.
Конкурсқа әлемнің әртүрлі елдерінен түрлі ауқымдағы қалалар өтінім берді. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша Астанамен қатар финалистер қатарына Бельгия, Қытай, Үндістан, Иордания, Марокко, Филиппин, Португалия, Ресей Федерациясы, Таиланд және Ұлыбритания қалалары енді.
Жеңімпаздар 2026 жылғы 12 қазанда Женева қаласындағы ДЗМҰ штаб-пәтерінде өтетін салтанатты рәсімде жарияланады. Іс-шара БҰҰ-ның мэрлер форумының алтыншы отырысы аясында өтеді.
Дереккөз: Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (WIPO) ресми сайты https://www.wipo.int/ru/web/awards/city-of-innovation
Меморандум екі ел арасындағы зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған. Құжат ақпарат пен тәжірибе алмасуды, құзыретті органдар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуды, мамандардың кәсіби құзыреттерін жетілдіруді, сондай-ақ осы саладағы бірлескен іс-шаралар мен бастамаларды іске асыруды көздейді.
Меморандумға қол қою Қазақстан мен Корея арасындағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтудағы маңызды қадам және озық тәжірибелермен алмасу мен заманауи тәсілдерді енгізу үшін қосымша мүмкіндіктер қалыптастырады.
Меморандум ережелерін іске асыру екі елдің тиісті мемлекеттік органдары арасындағы институционалдық және кәсіби ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал ететін болады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2026 жылғы 30 қазанда
сағат 10.00-де Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі,
13 кіреберіс, 1053 кабинет мекенжайы бойынша құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу бойынша комиссияның отырысы өткізілетінін хабарлайды.
Құжаттарды қабылдау күні – 2026 жылғы 14 қазан.
Шымкент қаласының Әділет департаменті Полиция департаменті және Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, заңсыз өнім шығаратын астыртын цехтың қызметін тоқтатты.
Заңсыз өндірісте «Alina Group» компаниясына тиесілі «Alinex Glad» брендімен құрғақ құрылыс қоспалары, сондай-ақ «Қайсар» және «Крепость» кафель желімдері дайындалған.
Тексеру шаралары барысында қызметкерлер аталған тауар белгілері заңсыз басылған 860-тан астам қап контрафактілік өнімді тәркіледі.
Бүгінгі таңда жиналған материалдар кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабы («Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану») бойынша жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберілді.
Өңірде контрафактілік өнімнің заңсыз айналымына қарсы бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.
Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Әбдіреева мен Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар зияткерлік меншік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Зияткерлік меншік құқықтарын кеден шекарасында қорғау мәселелеріне, оның ішінде құзыретті органдардың өзара іс-қимылына, контрафактілік өнімдердің тасымалдануын анықтау және жолын кесу тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, тараптар одан әрі ынтымақтастықтың басым бағыттарын, оның ішінде зияткерлік меншікті қорғау және сақтау саласындағы тәжірибе алмасуды, бірлескен іс-шаралар өткізуді және екі елдің бейінді ведомстволары арасында кәсіби байланыстарды дамытуды талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және зияткерлік меншік саласындағы практикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендерін білдірді.