Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

       

Географиялық нұсқама (ГН) – белгілі бір аумақпен тікелей байланысты сапасы, беделі немесе өзге де сипаттамалары бар тауарлардың атауларын қорғауға арналған зияткерлік меншік құқығының дербес объектісі.

          Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 20 маусымдағы «Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен зияткерлік меншік объектісінің жаңа түрі – географиялық нұсқама енгізілді.

          «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес географиялық нұсқама – белгілі бір географиялық объектінің аумағынан шыққан, сапасы, беделі немесе өзге де сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегіне байланысты тауарды сәйкестендіретін белгі.

          Міндетті шарт ретінде тауардың сипаттамаларына елеулі әсер ететін өндіріс кезеңдерінің кемінде біреуі тиісті географиялық объектінің аумағында жүзеге асырылуға тиіс.

          Тіркелген барлық географиялық нұсқамалар сараптама жасау ұйымы жүргізетін Қазақстан Республикасының географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.

          2026 жылғы шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік тізілімде                              166 географиялық нұсқама тіркелген, олардың қатарында «Алматы апорты», «Түркістан шоколады», «Қарағанды балмұздағы», «Талғар алмұрты» және «Қызылорда күріші» бар. Оның ішінде 2 шетелдік құқық иеленуші тіркелген.    Географиялық нұсқама және тауарлар шығарылған жердің атауы

          Географиялық нұсқамалар мен тауарлар шығарылған жердің атаулары (ТШЖА) құқықтық табиғаты жағынан ұқсас болғанымен, құқықтық қорғау беру шарттары бойынша ерекшеленеді.

          ТШЖА-ны тіркеу үшін тауардың ерекше қасиеттері белгілі бір жердің табиғи жағдайларына және (немесе) адами факторларына байланысты екенін, сондай-ақ өндірістің барлық кезеңдері сол аумақта жүзеге асырылатынын растау қажет.

          Географиялық нұсқаманы тіркеу үшін тауардың сапасы, беделі немесе өзге де сипаттамаларының оның географиялық шығу тегімен байланысын белгілеу жеткілікті. Бұл ретте тауардың сипаттамаларына елеулі әсер ететін өндіріс кезеңдерінің кемінде бірі тиісті аумақта жүзеге асырылуға тиіс.

          Осылайша, географиялық нұсқама құқықтық қорғаудың неғұрлым икемді тетігі болып табылады, өйткені өндірістің барлық кезеңдерін бір аумақта жүзеге асыруды талап етпейді.     

          Географиялық нұсқаманы тіркеу

          Географиялық нұсқамаларды мемлекеттік тіркеуді зияткерлік меншік саласындағы сараптама жасау ұйымы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК жүзеге асырады.

          Тіркеу үшін өтініш беруші тауар туралы мәліметтерді, оның географиялық шығу тегіне байланысты сипаттамаларын, өндірістің кемінде бір кезеңінің тиісті аумақта жүзеге асырылатынын растайтын құжаттарды және заңнамада көзделген өзге де құжаттарды ұсынады.

          Географиялық нұсқамаға құқықтық қорғау тауардың сипаттамалары сақталған жағдайда мерзімсіз қолданылады. Пайдалану құқығы өтінім берілген күннен бастап он жыл мерзімге беріледі және бірнеше рет ұзартылуы мүмкін.

          Заңнамаға сәйкес тұтынушыларды тауардың шығу тегі туралы жаңылыстыруы мүмкін, оның өндірілген жерімен байланысты емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасында белгілі бір түрдегі тауарлардың жалпы қолданыстағы атауына айналған белгілерді тіркеуге жол берілмейді.

          Құқыққа билік ету ерекшеліктері  

          Географиялық нұсқаманы пайдалану құқығы иеліктен шығарылмайды және лицензиялық шарт бойынша берілмейді, өйткені ол белгілі бір аумақта тауар өндірумен және оның тіркелген сипаттамаларын сақтаумен ажырамас түрде байланысты.

Дата публикации
30 июля 2026
Дата обновления
30 июля 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Ақпарат
06 августа 2026
Зияткерлік меншік және егемендік: Қазақстанның жолы
Мақалалар
30 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар
Сұхбат
29 июля 2026
Құқықтарды ұжымдық басқару жүйесінің цифрлық трансформациясы: жаңа тәсілдер мен шешімдер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы