Дауларды баламалы шешу (ДБШ)
Медиация және төрелік сияқты ДБШ нұсқалары тараптарға зияткерлік меншік (ЗМ) және сот жүйесінен тыс технологиялар саласындағы дауларды шешудің басқа жолын ұсынады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті мен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының төрелік және медиация орталығы (ДЗМҰ орталығы) Қазақстандағы ЗМ және технологиялар саласындағы медиация мен төреліктің мүмкіндіктері туралы хабардарлықты арттыру мақсатында ынтымақтасады.
Медиация мен төрелік дауларды уақыт пен шығындарды үнемдеумен, сондай-ақ іскерлік қатынастарды сақтаумен шешуді көздейді. Бұл процедуралар тараптарға ЗМ және технологиялар саласында заңгерлік және техникалық сараптамасы бар медиаторды немесе төрешіні таңдауға мүмкіндік береді. Олар сондай-ақ дауларды шешуге арналған бейтарап алаң ұсынады — көбінесе әртүрлі юрисдикциялардан келген тараптардың қатысуымен – бір рәсім аясында және құпия түрде болады.
Медиация
Медиация – бұл бейтарап делдал – медиатор — тараптарға олардың іскерлік мүдделерін ескере отырып, дауды шешуге көмектесетін міндетті емес, құпия және келісімге негізделген процедура. Медиатордың тараптарға өз шешімін енгізуге құқығы жоқ және тараптың қайсысы болса да кез келген кезеңде процедураны тоқтата алады. Реттеу, әдетте, шарттың күші бар келісім түрінде жасалады. Бұл ретте тараптар сотқа немесе төрелікке жүгіну мүмкіндігін сақтайды.
Төрелік
Төрелік – бұл тараптар өз дауларын міндетті және түпкілікті шешім шығару үшін бір немесе бірнеше таңдалған төрешілерге беретін құпия және ерікті рәсім. Шешім тараптардың заңды құқықтары мен міндеттеріне негізделеді және халықаралық орындауға жатады. Әдетте төрелікке жүгіну сот ісін жүргізуге алып бармайды.
ДЗМҰ-ны процестік қолдау
ДЗМҰ орталығы Қазақстаннан келген тараптардың қатысуымен ЗМ және технологиялар саласындағы даулар үшін ДБШ рәсімдерін ұйымдастыра алады. Тараптар медиаторды, төрешіні немесе сарапшыны тағайындау туралы өз бетінше уағдаласа алады немесе ДЗМҰ орталығына лайықты кандидаттарды таңдау кезінде көмек сұрай алады. Кандидаттар тараптардың талаптарына байланысты Қазақстаннан да, басқа юрисдикциялардан да болуы мүмкін.
Егер тараптар ЗМ немесе технологиялар саласындағы дауға тартылса, ДЗМҰ орталығы оларға дауды тікелей реттеуге немесе ДЗМҰ медиациясына немесе төрелікке беруге жәрдемдесу үшін оларға процестік қолдауды тегін бере алады. Тараптар медиация өткізілетін орынды, оның ішінде қашықтық форматын өз бетінше таңдай алады. ДЗМҰ орталығы бейнебайланысты қоса алғанда, істерді басқаруға арналған тегін онлайн-құралдарды ұсынады.
ДЗМҰ орталығы өнертапқыштарды, кәсіпкерлерді, суретшілерді, стартаптарды, ҒЗТКЖ орталықтарын, университеттерді, продюсерлерді және ұжымдық құқықтарды басқару қоғамдарын қоса алғанда, әртүрлі салалардағы ірі компанияларға да, шағын және орта кәсіпорындарға да (ШОБ) қолдау көрсетеді. Дауға ШОБ қатысқан жағдайда ДЗМҰ Орталығы өз алымдарына 25% жеңілдік береді.
Ақпарат және процестік көмек алу үшін: arbiter.mail@wipo.int мекенжайына хабарласуға болады.
Болашақ даулар
Дауларды медиацияға және ДЗМҰ төрелігіне беруді жеңілдету үшін Орталық ЗМ және технологиялармен байланысты келісімшарттарға енгізуге болатын үлгі ережелерді ұсынады.
Қазірдің өзінде туындаған даулар
Егер тараптар арасында дау туындаса және бұл ретте медиация туралы келісім болмаса (мысалы, құқықтар немесе сот талқылаулары бұзылған жағдайда), тараптардың кез келгені ДЗМҰ орталығына медиацияға біржақты сұрау салуды тегін бере алады.
Телефондары:
+41 22 338 82 47 (Женева)
+65 6225 2129 (Сингапур)
Электрондық пошта: arbiter.mail@wipo.int