Талап қою арызының үлгісі

Соттың атауы: <_______________>

Мекенжайы: <________________>

 

Талап қоюшы: <________________>

ЖСН/БСН: <____________>

Мекенжайы: <________________>

Ұялы телефон: <____>

Электрондық мекенжайы: <_____>

 

Жауапкер: <____________>

БСН: <_________________>

Мекенжайы: <________________>

Ұялы телефон: <____>

Электрондық мекенжайы: <_____>

 

 

Талап қою бағасы: <____> теңге

Мемлекеттік баж: <___> теңге

 

ТАЛАП ҚОЮ

сыйақыны өндіріп алу және құқық иеленушінің құқықтарының бұзылғанын тану туралы

 

«__» ______ 20__ жылы Талап қоюшы мен ҚҰБҰ толық атауы> (бұдан әрі – Жауапкер) арасында құқықтарды ұжымдық басқару туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасалды, оған сәйкес соңғысына Талап қоюшының мүліктік авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарын ұжымдық негізде басқару жөніндегі өкілеттіктер берілді.

Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабының 5-тармағына сәйкес автордың немесе өзге де құқық иеленушінің туындыны пайдаланудың әрбір түрі үшін сыйақы алуға құқығы бар, оның мөлшері мен есептеу тәртібі авторлық шартпен, сондай-ақ авторлардың құқықтарын ұжымдық басқару ұйымдары жасайтын шарттармен белгіленеді.

Шарттың ____-тармағына сәйкес жауапкер Талап қоюшыға тиесілі авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін сыйақыны жинау, бөлу және төлеу жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдады.

Мұндай міндеттемелер ҚҰБҰ үшін Заңның 44-бабының 5-тармағында,
45-бабының 5) тармақшасында да тікелей көзделген.

Сыйақы мөлшері авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану түріне, объект санатына және пайдалану тәсіліне қарай, атап айтқанда: _______.

Заңның 46-бабы 1-тармағының 3) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 100 бұйрығымен бекітілген Құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформаны басқару және оны пайдалануға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсыну қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 75-тармағының талаптарына сәйкес сыйақы есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей, тоқсанына кемінде бір рет төленуге тиіс (бұл талап Шарттың ___-тармағында да көзделген).

Сонымен бірге, өзіне қабылдаған міндеттемелеріне қарамастан, Жауапкер Шарт талаптарын тиісінше орындамай отыр.

Атап айтқанда, «__» ________ 20__ жылдан «__» ________ 20__ жылға дейінгі кезең үшін Талап қоюшыға сыйақы төленбеген.

Сонымен қатар, Жауапкер Заңның 46-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және Қағидалардың 68, 69-тармақтарында көзделген бірыңғай цифрлық платформада сыйақыны жинау және бөлу туралы есепті қалыптастыру, сондай-ақ төлеумен бір мезгілде құқық иеленушіге жиналған сыйақы мөлшері мен ұсталған сомалар туралы есептілікті ұсыну жөніндегі талаптарды бұзуда.

Дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу мақсатында Талап қоюшы «___» ________ 20__ жылғы сыйақыны төлеу және есептілікті ұсыну туралы наразылық хат жолдады.

Сонымен бірге, осы уақытқа дейін аталған талаптар орындалмаған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК)
272-бабына сәйкес міндеттеме міндеттеменің талаптары мен заңнама талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс.

Қолда бар ақпарат пен қолданылатын мөлшерлемелерді ескере отырып жүргізілген алдын ала есептеулер негізінде төленбеген сыйақы сомасы ________ теңгені құрайды.

Нақты мөлшерді сот Жауапкердің есептілігі, бірыңғай цифрлық платформадағы деректер және туындыларды нақты пайдалану туралы мәліметтер негізінде белгілеуге тиіс.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 9-бабына сәйкес азаматтық құқықтарды қорғау, оның ішінде міндеттемені орындауға мәжбүрлеу және тиесілі сомаларды өндіріп алу арқылы жүзеге асырылады.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 148–149-баптарын басшылыққа ала отырып,

СОТТАН СҰРАЙМЫН:

  1. Жауапкерді құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформаның деректерін пайдалана отырып, жиналған сыйақы, оның бөлінуі, қолданылған мөлшерлемелер және ұсталған сомалар туралы толық есепті ұсынуға міндеттеу;
  2. Жауапкерден Талап қоюшының пайдасына төленбеген сыйақы сомасын ________ теңге мөлшерінде өндіріп алу;
  3. Жауапкерден сот шығыстарын, оның ішінде төленген мемлекеттік баж сомасын өндіріп алу.

 

Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

  1. Талап қою арызының және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері;
  2. Мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек;
  3. «_» ________ 20__ жылғы құқықтарды ұжымдық басқару туралы шарт;
  4. Туындыларға құқықтарды растайтын құжаттар;
  5. «_» ________ 20__ жылғы наразылық хат;
  6. Наразылықты жолдағанын растайтын дәлелдемелер;
  7. Талап қою сомасының есебі;
  8. Өзге де құжаттар.

 

Талап қоюшы: ______________                                                      ______________

                                         Қолы                                                                      Т.А.Ә.

                                                                                                                _____________

                                                                                                                           Күні

Дата публикации
01 октября 2026