GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
02 октября 2026
Жиналыс өтті

Әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметтің маңызды қағидаты

Бүгін Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде басшының орынбасары Әдемі Әлібекқызы Бектібаеваның төрағалығымен қызметтік әдеп мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.

Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту және азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен жауапкершілік таныту мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік қызметшінің әдептілігі мен кәсібилігі – халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін қалыптастырудың маңызды негізі.

02 октября 2026
Тауар белгілерін уақытылы тіркеуге және қорғауға кеңес берді

«Модная семья» тауар белгісін тіркеу
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Әділет департаменті «Модная семья» киім дүкенінің тауар белгісін тіркеу мәселесі бойынша жеке кәсіпкер «Тахтиев Н.»-ға консультациялық және практикалық көмек көрсетті.
Нәтижесінде «Модная семья» тауар белгісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәтті тіркелді.
Әділет департаменті кәсіпкерлерге өз брендін және айрықша құқықтарын қорғау мақсатында тауар белгілерін уақтылы тіркеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге кеңес береді.

02 октября 2026
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде кибер қауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасының өкілдері қауіпсіздік талаптарын сақтау және цифрлық қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпарат берді. Мақсат – қызметкерлердің қауіпсіздік саласындағы сауаттылығын арттыру және ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

02 октября 2026
️Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Жаһандық инновациялық индексінде Орталық Азияда 1-орынға ие болды.

️

️Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Жаһандық инновациялық индексінде Орталық Азияда 1-орынға ие болды.

ДЗМҰ-ның 2026 жылғы Жаһандық инновациялық индексінің қорытындысы бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 73-орынға ие болып, Орталық Азия елдері арасында көш бастады.
Бір жыл ішінде Қазақстан бірден 8 сатыға көтерілді. ДЗМҰ еліміздің ілгерілеуін Орталық және Оңтүстік Азия өңіріндегі ең елеулі өсім ретінде атап өтті.
Қазақстанның рейтингтегі позициясының нығаюы инновациялық көрсеткіштердің жақсаруымен қатар жүруде. Елдің мықты тұстарының қатарында жоғары технологиялық сектордың дамуы, еңбек өнімділігінің өсуі және зияткерлік меншік саласындағы белсенділік бар. Экономика көлеміне шаққандағы пайдалы модельдерге берілген өтінімдер саны бойынша Қазақстан әлемде 7-орынға ие.
Өңірлік көшбасшылық Қазақстанның инновациялық экожүйесінің жүйелі дамуын көрсетіп, ғылым, технологиялық кәсіпкерлік, өнертапқыштық және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырады.

02 октября 2026
Ашық есік күні

«Тең қоғам» ұйымында Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары мен заңды мүдделері туралы ақпараттандыру, құқықтық көмек алу мүмкіндіктерін түсіндіру және құқықтық сауаттылығын арттыру.

02 октября 2026
Ашық есік күні өтті

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шара барысында азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, олардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар ұсынылды.

Ашық есік күніне адвокат, заңгер және сот орындаушы қатысып, азаматтарды толғандырған бірқатар мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда, мұрагерлік, алимент өндіру, атқарушылық іс жүргізу және басқа да құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолдарын білуіне мүмкіндік береді.

02 октября 2026
Ашық есік күні

Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында азаматтарға құқықтық көмек көрсету және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Ашық есік күнін өткізді. Іс-шараға Әділет департаментінің өкілдерімен қатар адвокаттар мен заң консультанттары, сот орындаушылары қатысты. Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша білікті кеңес алып, заңнама талаптарына қатысты түсіндірмелерге ие болды. Атап айтқанда, алименттік міндеттемелер, сот актілерін орындау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша сұрақтарға жауаптар берілді. Ашық есік күні тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен міндеттері туралы қажетті ақпарат алуына мүмкіндік берді.

02 октября 2026
Аттестаттау өткізілді

  Аттестаттау өткізілді

Әділет департаментімен ауылдық округтердің әкімдері аппаратының нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлғаларына аттестаттау өткізілді. Аттестаттауға 32 лауазымды тұлға қатысты. Аттестаттау соңында әдістемелік көмек ретінде семинар өткізіліп, лауазымды тұлғаларға нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібі түсіндірілді.

02 октября 2026
Ашық есік күні

Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында азаматтарға құқықтық көмек көрсету және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында "Жеңіс" мүгедектер қоғамдық бірлестігінде Ашық есік күнін өткізді.

Іс-шараға Әділет департаментінің өкілдерімен қатар адвокаттар мен заң консультанттары, сот орындаушылары қатысты.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша білікті кеңес алып, заңнама талаптарына қатысты түсіндірмелерге ие болды. Атап айтқанда, алименттік міндеттемелер, сот актілерін орындау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша сұрақтарға жауаптар берілді.

Ашық есік күні тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен міндеттері туралы қажетті ақпарат алуына мүмкіндік берді.

02 октября 2026
Дөңгелек үстел

Бір сағатқа жоспарланған дөңгелек үстел екі сағатқа жуық созылды — және, мүмкін, бұл күтуге болатын ең жақсы нәтиже.

23 қыркүйекте БҚО Әділет департаменті, Батыс Қазақстан облысы соттары, Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот және «Достық алаңы» ДМОО бірлескен пилоттық жобаның — «Құқық және қамқорлық» ювеналдық клиникасының қорытындысын шығарды.

Кездесуге бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл, Балалар құқықтарын қорғау басқармасының мамандары, «Эко Мангистау» НПУ-дің және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Клиниканың психологы мен медиаторы пилоттық кезеңнің қалай өткенін, ойын-диагностиканың қалай жұмыс істейтінін, психологтың осы сессиялар барысында нені байқайтынын, медиатордың ата-аналарға бір-бірін қалай естуге көмектесетінін айтып берді.

Аталған пилоттық жоба балаға қауіпсіз кеңістік құруға көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Осыған орай, қатысушылар бір ауыздан жобаны қоғамда кеңінен тарату қажеттігін атап өтті.

Бірлескен жоба:
БҚО Әділет департаменті ,Батыс Қазақстан облысы соттары, Ювеналдық сот ,«Достық алаңы» ДМОО

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы