Дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстел өткізілді

Бүгін кәсіпкерлер палатасының конференц залында Кәсіпкер әйелдердің құқықтық сауаттылығын, оның ішінде әйелдер мен балалардың құқықтарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіру бағытында дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға әділет департаменті баспасөз хатшысы Н.Досқалиева қатысты.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары отбасында кездесіп қалатын түрлі зорлық зомбылықтар мен күресу және олардың алдын алу мәселелерін ортаға салды және өзара пікір алмасты.