
Әділет департаменті басшысының орынбасары Е.Рашқалиев, бөлім басшысы Г.Нұржанова мен адвокат, жекеше нотариус және жеке сот орындаушы Казталов ауданының «Жаңажол» және «Қараөзен» ауылдарының халқына азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында тегін құқықтық көмек берді.
Екі ауылдың 16 адамы өздерін мазалаған сауалдарына толыққанды құқықтық кеңес алды.