14.05.2024 жылы «Жемқорлық-індет, онымен күресу-міндет» қағидатын санаға енгізу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру бойынша Орал қалалық №41 мектеп-лицейінің оқушыларымен ақпараттық-түсіндіру сипаттағы семинар өткізілді.
Шара барысында оқушыларға әділет органдары қызметінің бағыттары туралы мәліметтер айтылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, алдын-алу, жол бермеу шаралары түсіндірілді.
Сондай-ақ оқушылардың қызықтырған сұрақтарына толық жауаптар берілді.