Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2023 жылдың қызметі қорытындыланды

Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2023 жылдың қызметі қорытындыланды

2023 жылдың 28 желтоқсанында Батыс Қазақстан облыстық әділет департаменті басшысы А.Тасыбаеваның төрағалығымен кеңейтілген алқа отырысы өткізілді, алқа отырысында Батыс Қазақстан облысы әділет департаментінің 2023 жылда атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланды. Алқа мәжілісіне департамент пен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері БҚО Адвокаттар коллегиясың өкілдері , Нотариалдық палата, Заңгер консультанттар палатасы мен жеке сот орындаушылар Палатасының өкілдері қатысты. 
Алқа отырысында департамент басшылығы кадрлық қызмет бойынша департамент қызметкерлерімен жұмыстар жүргізуді, департамент пен министрліктің барлық тапсырмаларын уақытылы орындау жөнінде ақпаратты ұсынуды, департамент қызметкерлері мен азаматтарға нормативтік құқықтық актілер бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, азаматтардың мәртебесін анықтау бойынша мәліметтер базасын жаңғырту аясында жұмыстар жүргізуді, арыздар мен шағымдарды қабылдау мәселелері бойынша азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, сонымен қатар, сот актілерін орындау бойынша іс-шаралар кешенін қабылдауды тапсырды. 
Алқа отырысының соңында, ұжым алдында Әділет департаментінің қызметін жақсартуға бағытталған нақты тапсырмалар қойылды.