«Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы

«Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы

           Ақжайық ауданы аумағында 16-17.10.2023 жылы аралығында ауданаралық аумақтық сот актілерін орындау бөлімінің aға coт орындаушысы А.Тәженов, полиция бөлімінің кызметкерлері көмегімен жедел-алдын алу «Борышкер» рейдін өткізді. Шара  аясында борышкерлерге айыппұлдарды уақытылы төлеу керектігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

          Сондай-ақ, жүргізушілерге атқару құжаттардың талаптарын орындау кажеттілігі туралы хабарлама табысталып, мемелекет пайдасына және алимент  берешектерін өтеу қажеттілігі туралы түсіндірме- әңгіме жүргізілді.

          Аталған іс-шараның басты мақсаты-жазадан құтылмаушылық кағидатын сақтау, айыппұлдар мен алиментті төлеуден жалтарып жүрген борышкерлер мен іздеуде жүрген автокөлік құралдарын анықтауға бағытталған.