«Қамқордағы» құқықтық көмек

«Қамқордағы» құқықтық көмек

Бүгін «Қамқор» белсенді ұзақ өмір орталығында кездесу өтті. Осы орталыққа  келушілерге  Әділет департаментінің қызметкерлері,нотариус, заң консультанты, мемлекеттік кірістер органының өкілдері тегін құқықтық кеңес берді.

Шара барысында азаматтарға мемлекет кепілдік  берген заң көмегі, мұрагерлік, алимент, зейнетақы, жәрдемақы алу және т.б. мәселелері бойынша  толыққанды жауаптар берілді.