Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысатын адвокаттар мен заң консультанттарының санын арттыру мақсатында, облыстық адвокаттар Алқасының және Заң консультанттары палатасының мүшелерімен "дөңгелек үстел" өткізілді. Кездесу соңында, қатысушыларды мемлекет есебінен заң көмегін көрсететін тұлғалардың тізіміне қосу туралы шешім қабылданды.