Бірыңғай республикалық медиация күніне орай 2023 жылы 4 тамыз күні БҚО алименттерді өндіріп алу жөніндегі мамандырылған кеңсесінде кәсіби медиатор М.Хасанованың және жеке сот орындаушылардың қатысуымен «Ашық есік күні» акциясы өтті. Шара барысында азаматтарға медиация, алимет өндіру мәселелері бойынша кеңес беріліп, медиация нәтижесінде бір келісім жасалды.