
2023 жылдың 02 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай Әділет департаментімен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің Тарих, экономика және құқық факультетінің студенттерімен кездесу өткізілді. Шарада ҚР Мемлекеттік Әнұраны тыңдалып, сондай-ақ мемлекеттік рәміздер – мемлекетіміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін мызғымас негіздерінің бірі екендігі айтылды. Мемлекеттік рәміздер күнінің басты идеясы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, тәуелсіз еліміздің құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау және рәміздер арқылы отансүйгіштікке баулу болып табылады.