Меморандумға қол қойылды

Меморандумға қол қойылды

А.ж. 22 мамыр күні БатысҚазақстан облысы Әділет департаменті және Батыс Қазақстан облысының «Азаматтық альянсы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің арасында құқықтық түсіндіру және имидждік жұмыс саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты халық арасында бірлескен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға қызықтыратын мәселелер бойынша білікті заңгерлік кеңестер беру, Меморандум тараптарының имиджін және тұрғындар арасындағы сенімін арттыру мақсатында тараптардың бірлескен жұмысын тиісті түрде көрсету, сондай-ақ бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру кезінде серіктестік негізінде тараптарда бар қажетті ақпараттық, құқықтық және ұйымдастырушылық ресурстарын пайдалану болып табылады.

Батыс Қазақстан облысының «Азаматтық альянсы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі  2009 жылдан бастап қызмет атқарады, қауымдастықтың құрамына «Ақотау» отбасы орталығы», «Диабет» БатысҚазақстан облыстық қоғамдық бірлестігі», «Бәйтерек» мүгедек балалардың БатысҚазақстан облыстық және  «Үндестік» қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ, «Назиб Жигановтың халықаралық шоқжұлдыздары» жеке қоры және т.б. қатысушылар бар.