
Аталған акция аясында ағымдағы жылдың 18 мамырында Әділет департаментінде құқықты қолдану практикасы мәселесі бойынша БҚО бойынша полиция департаментінің өкілімен онлайн кездесу өткізілді.
Сараптама тағайындау, сотқа істі жолдау және Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында авторлық құқықты тіркеу мәселелері талқыланды.
Іс-шара барысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласында өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.