Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының азаматы; жоғары заңгерлік білімі; жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өтуі;келесі мәліметтердің болмауы: адамды әрекет етуге қабілетсіз немесе әрекет ету қабілеттілігі шектеулі деп танылғаны; жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыс жасағаны;өтелмеген немесе алынбаған соттылығы, мемлекеттік, әскери қызметтен; құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарынан; соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша босатылғаны; наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепке алынғандығы; тұлғаны жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензиядан айыру.
Құжаттар 2023 жылдың 02 маусымайына дейін«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы қабылданады.
Аттестация2023 жылдың маусым айының 12 күні 09-00 сағатта өткізіледі, Аттестация өткізілетін жері: Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті.
Аттестацияда қаралуға ұсынылатын құжаттардың тізбесі:жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш.