
Ағымдағы жылдың 3 мамыр күні Әділет департаментімен облыстың жергілікті атқару және өкілді органдарының аппарат басшылары мен заңгерлерінің қатысуымен«Аймақтық норма шығармашылық саласындағы өзекті мәселелер туралы» тақырыбында семинар – кеңес өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты - аймақтық нормашығармашылық жұмысының сапасын жақсарту және әдістемелік көмек көрсету.
Семинар барысында жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланып, қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.