
Әділет министрі Азамат Есқараев түстен кейін Департамент ұжымымен кездесті. Кездесу еркін әңгімелесу үлгісінде өткізілді. Департамент басшысы жұмыс барысындағы өзекті мәселелерге тоқталып, Министрден қолдау көрсетуді сұрады. Өз кезегінде Министр орынды көтерілген мәселе екенін айта отырып, бұл мәселелердің министрлікпен қарастырылып жатырғанын және кешікпей шешімін табатынын мәлім етті.
Департамент қызметкерлері жұмыс барысында кездесетін кейбір түйткілді жәйттарды, жұмысты жандандыру бағытындағы ұсыныстары мен Департаменттің жұмыстағы қалыптасқан оң тәжірибелерін ортаға салды.
Жиынды қорытындылаған Министр Азамат Есқараев Департамент жұмысына «жақсы» деген баға беріп, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бірігіп халыққа адал қызмет етуге шақырды. Шара соңында естелікке суретке түсті.