Жұмыс кездесуі өткізілді.

Жұмыс кездесуі өткізілді.

Ағымдағы жылдың 15 қарашасында Әділет департаментінде, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының бұзылуына жол бермеу мақсатында,  БҚО Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің БҚО бойынша  департаментінің терроризмге қарсы орталығының бөлім қызметкерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында  Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 803 бұйрығымен бекітілген  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығының талаптары түсіндірілді.