ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңын түсіндіру

ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңын түсіндіру

14.04.2022ж. БҚО Әділет департаментімен Атамекен кәсіпкерлер палатасы арасындағы меморандум талаптарын орындау мақсатында семинар өткізді.

Іс- шараның мақсаты: Зияткерлік меншік құқығы саласында құқықтық түсінік, құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту бағытында, сонымен қатар ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңын түсіндіру.

Аталған шараға, «Қазақстан авторлар қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестікініңөкілдері, облысымыздың композиторлары және ZOOM  платформасы арқылы жеке кәсіпкерлер қатысты.

Семинарда қатысушыларға авторлық және сабақтас құқықтар саласында заңдылықтар түсіндірілді, аталған заңды бұзғаны үшін қолданылатын жазалар да айтылды.

Қазақстан авторлар қоғамы өкілдері өз ұйымының шығу тарихын және қалай жұмыстанатындығын айтып өтті.

Семинар соңында,  кәсіпкерлер ҚР акредиттеуден өткен қоғамдармен келісімшартқа отыруы келісілді.