Семинар өтті

Семинар өтті

 «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесіне қатысты пилоттық жобаны іске асыру мақсатында, Әділет департаментінің басшысы Ә.Тасыбаеваның төрағалығымен электрондық форматта адвокатты  қорғаушы ретінде тағайындау, мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін есептеу және төлеу процестерін автоматтандыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың өзекті мәселелері бойынша семинар өтті. Шараға мүдделі органдардың басшылары, қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің өкілдері, тергеушілер, анықтаушылар, «ҰАТ» АҚ өкілдері, облыстық адвокаттар алқасының төрағасы және адвокаттар қатысты.

Қатысушылар күн тәртібі бойынша мәселелерді және енгізілген ұсыныстарды талқылады. Шара соныңда, пилоттық жобаны іске асыру бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.