«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 52-бабы 1-тармағына сәйкес тұрғын үй-құрылыс кооперативі көппәтерлі тұрғын үйді салу және кейіннен тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің арасында пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, тұрақ орындарын енгізілген немесе енгізілуге жататын пай жарналарының сомасына сәйкес бөлу үшін құрылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындағанға дейін әрекет етеді.
Заңның 66 бабының 3-тармағына сәйкес, тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшелері жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін айқындалған тәртіппен, пәтерлерге, тұрғын емес үй-жайларға меншік құқығын тіркеуге міндетті.
Жаңадан берілген пәтерлерге құқықтарды жылжымайтын мүлікті тіркеу тәртібімен нотариалдық немесе баламалы түрде қарапайым жазбаша нысан арқылы жасалады.
Бұл тұрғыда, бірінші жағдайда, мәмілені жасау қызметін нотариус орындайды, екінші жағдайда тараптар қажетті шартты дербес жасайды немесе заңгердің қызметін пайдаланады.
Мәмілеге қатысушылар дайын шарт ұсынған жағдайда, мәміле жасаған адамдардың қолдарының түпнұсқалығын, олардың әрекет қабілеттілігін, сондай-ақ олардың ерік білдіруіне сәйкестігін тексеру жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Өз кезегінде корпорация арқылы мәміле жасау нотариаттық іс-әрекетке балама түрде қаржылық тиімді мүмкіндігінің бар екендігін көрсетеді.
Осыған орай, аталған мәмілелерді тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және нотариус арқылы рәсімдеуге болатынын назарларыңызға жеткіземіз.