Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті (090000, Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 208, анықтама үшін телефон 8 (7112) 50 03 55, 50 06 22) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау конкурсын жариялайды

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының азаматы, жасы жиырма беске толған; жоғары заңгерлік білімі; жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өтуі; келесі мәліметтердің болмауы: адамды әрекет етуге қабілетсіз немесе әрекет ету қабілеттілігі шектеулі деп танылғаны; жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыс жасағаны; өтелмеген немесе алынбаған соттылығы, мемлекеттік, әскери қызметтен; құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарынан; соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша босатылғаны; атқарушылық іс жүргізу бойынша берешектің және үш айдан артық мерзімді өндіріп алу бойынша берешегінің болуы;  наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепке алынғандығы; тұлғаны жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензиядан айыру.

Құжаттар 2021 жылдың 25 тамыз айына дейін «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы қабылданады.

Аттестация 2021 жылдың қыркүйек айының 2 күні 09-00  сағатта өткізіледі, Аттестация өткізілетін жері: Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті.

Аттестацияда қаралуға ұсынылатын құжаттардың тізбесі:  жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш.